03.01.2022
260
![](/uploads/shorttexts/author_image/adybay.jpg)
Бозторғай әні
Тау мен дала, қырқаны
Күн аймалап тұр тағы.
Көкте қалқып бозторғай,
Құбылтып ән шырқады.
Мың құбылды қырдағы
Әннің әсем ырғағы –
Күміс қанат бозторғай
Күнді мақтап жырлады.
Әнші аспанда қалқып тұр,
Әуеледі шалқып жыр.
Жусанды кең даланың
Жұпар иісі аңқып тұр.