03.01.2022
354
Бөбегіме
Құлдыр-құлдыр, бөбегім,
Қуанышқа бөледің.
Ал мін, бөпем, арқама,
Атың болып желемін.
«Шабандозбын» деп сен де,
Мен «шапқанда» сескенбе...
Бірақ әке мойнына
Мініп алма өскенде.
Еңбек еттік құлшынып.
Өрік, алма,
Алмұрт, алуа
Жеміс салды құлпырып.