03.01.2022
  252


Автор: Әдібай Табылды

Тәтті қыс

Ау, балалар, балалар!
Айналаға қараңдар!
Биыл тәтті қыс болды,
Бұл бір сәтті іс болды.
Ақ бұлт бүркеп аспанды,
Шекер жауа бастады.
Сүтке салсақ, сәл мұздап,
Болды қардан балмұздақ.
Қамсыз қалмай бекерге,
Қарық болып шекерге,
Балмұздақты жинаңдар,
Достарыңды сыйлаңдар!
Көлдің беті – мармелад,
Әкел жинап, арбалап...
Ақ қанттай жарқырап,
Арайланған атырап.
Көкжиектен күлімдеп,
«Тыныш болсын күнің!» – деп
Күн қарап тұр анаша:
Бұл қыс қандай тамаша!





Пікір жазу