03.01.2022
  248


Автор: Әдібай Табылды

Мақтаныш

Таудай үлкен талабы,
Күнде «бестік» алады –
«Білгіш» дейміз мектепте
Мақан деген баланы.
Қастерлейді ананы,
Қадірлейді ағаны –
«Ізетті» деп жақтаймыз
Мақан деген баланы.
Өнерлі де саналы,
Күй тартып, ән салады –
«Өнерпаз» деп мақтаймыз
Мақан деген баланы.
Көп-ақ түрлі талабы,
Көрген жан таң қалады:
Мақтан етер мектебі
Мақан деген баланы.
Бұл – Күн-ана күші деп,
Қамқор-құстың ісі деп,
Көгершінді ел күтіп жүр,
Бейбітшілік құсы деп.
Жақын жүріп адамға,
Көгершіндер әманда
Тыныштықты тілейді
Елге, саған, маған да.





Пікір жазу