03.01.2022
201
![](/uploads/shorttexts/author_image/adybay.jpg)
Месқарын мекен
«Ерте тұрып, жаттығамын, шынығам!
Еңбек етем, таза ауада тынығам!»-
Деген сөзі – құрғақ болып қалады:
Мекен өзі «месқарын» боп барады.
Жеуді байқа «мешкей деген жақсы ат па?»,
Жегіш болу жеткізбейді мақсатқа.