03.01.2022
133
Күйік
Ез, паң Бекен ойлаумен өз басын тек
«Озсам екен» деместен, «озбасын» деп,
Алға басқан досына қақпан құрды:
Арланбастан иттігін мақтан қылды.
Міншіл езбе жаласын жапқан удай:
Күншіл ездей күйіктен сақта, Құдай!