03.01.2022
  513


Автор: Әдібай Табылды

Қайырлы таң, балалар!

Арайланып таң атты,
​Алтын шапақ таратты,
​Қайырлы таң, балалар!
​Жер бетінде тыныштық,
​Келбетінде Күн ыстық,
​Қайырлы таң, балалар!

Жарқырады қаламыз,
​Жарқын, әрлі даламыз,
​Қайырлы таң, балалар!
​Аман Отан-панамыз,
​Аман ата-анамыз,
​Қайырлы таң, балалар!


 





Пікір жазу