03.01.2022
787
Көк мөлдір
(үзінді)
Жағасында Нұраның
Жер бар,
Аты – Көкмөлдір,
Болғанмен бірі жыраның,
Суы қандай мөп – мөлдір!
Бойы – бітік бетеге,
Жасыл құрақ жағасы,
Төскейі – гүл текемет,
Балдан тәті ауасы.
Халық сүйген қарт Қайып
Осы жерде туыпты,
Ақын Сәкен жантайып,
Суына бетін жуыпты.
Атам соны қоныс қып,
Мен де сонда туыппын,
Сонан маған ол ыстық
Сондықтан ол сүйіктім.