02.01.2022
  344


Автор: Бүркіт Ысқақов

Қыста қызық жұмыс бар

Көше бойы омбы қар,
Жиналамыз топтала.
Демей бетім домбығар,
Соғамыз зор ақ қала.
Ауыл сырты – биік жар,
Бізді күтіп, тұр қарап.
Төбесіне шығып ап,
Жөнелеміз сырғанап.
Көктің жүзін бұлт торлап,
Жерді жапса күміс қар.
Үйде ұстамақ кім зорлап,
Қыста қызық жұмыс бар!





Пікір жазу