02.01.2022
282
![](/uploads/shorttexts/author_image/sopak-ramka1.jpg)
Алғашқы қар
О, керемет, керемет!
Бейне аппақ көбелек,
Ақша қар жай көлбеңдеп,
Қонып жатыр жерге кеп.
Қонып жатыр тауға кеп,
Бақшаға кеп, бауға кеп.
Қонып жатыр көлге кеп –
Кетті ұласып жер мен көк.
Шыр көбелек айналып,
Қонып жатыр жайланып:
– Енді қайтып ұшпаймыз
Осы жерді қыстаймыз.