02.01.2022
  100


Автор: Үміт Шәріпова

Уа, өлеңім!

Таңдайыма дәмі келсе өлеңнің,
Жанарымның сәулелері төгер мұң.
Сезімімнің еліктерін үркітсем,
Мен өзімнен көрермін.

Ғарыштағы тылсым күйді аралап,
Пана болмай жұмақтағы сая бақ.
Түйсігіме тақалғанда бір әуен,
Күтіп алам аялап.
Уа, өлеңім,

Ажыратпа бақыттан,
Бабалардан бізге жеткен сарқыттан.
Қоңыр кеште пенделердің ішінде
Қалғып кетсем түйсігімнен тартып қал!

Өмір деген – бір махаббат, мың қайғы,
Көңілімнің тыныштығын ұрлайды.
Менің барлық қуанышты сәттерім,
Бір өлеңнің азабына тұрмайды!..





Пікір жазу