01.01.2022
  177


Автор: Марина Цветаева

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа,
Тереземнің алдындағы қос ағаш.
Ағаш – кәрі,
үй де көне,
Мен ғана
Жас болғасын қалай көңіл босамас.
Аласасы қол созады барынша –
Әйелдерше,
Жанын аяу жоқ онда –
Серігіне –
сүйенісер жарынша –
Биігіне,
бәлкім сорлы одан да.

Қос ағаштың өтіп жатыр жаз-қысы,
Бір-біріне ұмтылумен бар күні.
Осы болар тартылыстың наз күші –
Ұмтылады,
жаратқанның жарлығы:
Бір-біріне ұмтылады барлығы.





Пікір жазу