29.12.2021
  401


Айтқан тілді алмаған...

Айтқан тілді алмаған,
Бар дегенге бармаған.
Бір бала бар тілазар,
Тамақ десе қалмаған.


 


Асқа дайын — еміншек,
Іске дайын телімсек,
Жарымаған өмірде,
Жарым адам — еріншек


 


Әй, мақтаншақ, мақтаншақ,
Оянғаннан жатқанша,
Жатқаннан таң атқанша,
Мақтанасың, мақтаншақ.
Қояр ма еді құлыптап,
Аузыңды бір жапқан шақ.


 


Әй, жалқауым, жалқауым,
Босамасын арқауың.
Босаса егер арқауың,
Оңай болар тарқауың.
Тарқадың ба, оңбайсың,
Жақсы бала болмайсың.
«Жалқау» деген жақсы ат па,
Еңбексүйгіш болғайсың.





Пікір жазу