28.12.2021
  278


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз мерекеңмен асыл жарым!

Сегізінші наурыз келді қуантып,
Айналаға жайма шуақ күн сыйлап.
Құтты болсын асыл жарым мерекең,
Қояйыншы шын жүректен жыр сыйлап.

Бақытыңның базары тарқамасын,
Әрбір күнің жан- жарым гүлдей жайнап.
Тілекшімін, сүйікті асыл жарым,
Жүрші деймін ортамызда күліп-ойнап.

Арманың мен мақсатың бүршік жарып,
Көктемдейін көгерсін барын салып.
Раббым Алла жар болсын асыл жарым,
Әр күн сайын үмітің отын жағып...





Пікір жазу