meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.12.2021
  739


Автор: Оспанхан Әубәкіров

Ақ әжем

Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген,
Шөлдедің бе, дана әжем?
Шай қайнатып келейін,
Самаурынға, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдан тәтті, бал әжем.





Пікір жазу