27.12.2021
  1099


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурызға тілек құрбыма!

Болып кеткен жанымның бөлшегіндей,
Асыл құрбым, жан құрбым жаны жайсаң.
Қуанамын шаттанам қуансаң сен,
Мұңға батам құрбыжан сен мұңкйсаң.

Құттықтаймын бүгінгі мерекеңмен,
Көктемнің бұл тамаша күніменен.
Асыл құрбым жадырап жайнай берші,
Әуелетіп әніңмен, жырыңменен.

Денсаулығың мықты боп құрбыжаным,
Жандүниеңде ғажайып күй ойнасын.
Арайлы да шаттықты таңың атып,
Күн күлімдеп, жүзіңде нұр ойнасын.





Пікір жазу