27.12.2021
238
ҒАСЫР ҮНІ
Сөзін жазған Сайлаубай Тойлыбаев,
Әнін жазған Ағайша Исағұлова
Текелінің тауынан төгілгенде нәсіп нұр,
Тастағандай ал қызыл шуындығын шашып қыр.
Мыңбұлақ пен Сарноқай, Шаған, Жоңғар тауларың,
Жетісудың тамаша көркін қалай ашып тұр.
Қайырмасы
Көкейден бір аумаған,
Қаблиса жырау бабам,
Ескелді-Балпық атам,
Өшпейді берген батаң.
Жырларың құшар бағым,
Бақтыбай, Пішәндарым.
Өтсе де ғасырларым,
Өлмейді асылдарым.
Бір ғасыр жатқан секілді жүріп өткен көшіңде,
Ата жолы бүгінгі ұрпақтардың есінде.
Бүлкілдетіп бүйрегін, таудан құлап, сарқырап.,
Қаратал мен Көксуың ағып жатыр төсіңде.
Бұл өмірдің осынау таңдасақта қандайын,
Егеменді еліммен жарқырап тұр маңдайым.
Бабалардың айналдық аруағынан қастерлі,
Ұрпақтарын қашанда қорғап жүрер әрдайым.