25.12.2021
174
Сүмбіле жұлдыз туғанда
Мүлгіген қою орманда,
Адасып кеттім деп едім.
Сүмбіле жұлдыз туды алдан,
Жамылып бозаң желегін.
Қорқыттың қоңыр күйіндей,
Жаулады мені тыныштық.
Сүмбіле жұлдыз дірілдей,
Маңдайда тұрды тым ыстық.
Ойлы орман жайса қанатын,
Жанымды жұлқып секемім.
Мезгілдің соққан əр сəті,
Мен саған тəуəп етемін.
Арыстан ойым жоқ əлі,
Кəдігім менің əр сақта.
Жетелеп мені барады,
Бұраң да-бұраң соқпақтар...
Қалғиды таулар балбырап,
Үрейлі түнді бүркеніп.
Сүмбіле жұлдыз албырап,
Тұрады жарқын нұр сеуіп.
Ақырғы күннің аңсаған
Көзімде оты жарқылдап,
Білмеймін, қалай мен саған
Барамын шексіз жақындап?
Жортатын елес бұл маңда,
Жаңғырып тұрса күлкің де.
Сүмбіле жұлдыз туғанда,
Адасып кету мүмкін бе?!