24.12.2021
  255


Автор: Нұрлыбек Қожагелдиев

Қазақ деген қандай елміз

Қазақ деген қандай елміз,


Құшағын кең жайған елміз.


Еліменен жері үшін


Өз жанын да қиған елміз.


 


Қонақ келсе жүздері жайнайтын елміз,


Тай-қазаны тоқтаусыз қайнайтын елміз.


Жеті жасар бала үйге келседағы


Жетпістегі шал тұрып сыйлаған елміз.


 


Үш биден асып кетпейтін елміз


Жетім жесірін шеттетіп теппейтін елміз.


Ұлты бөлек жандар да қолын созса 


Көмек беріп маңдайынан шертпейтін елміз.


 


Ақтабан шұбырындыны да көрген елміз,


Сонда да той-томалақ берген елміз.


Қолда барды өзіміз пайдаланбай


Өзгеге де тең қылып бөлген елміз.


 


 


Нұрлыбек Қожагелдиев





Пікір жазу