23.12.2021
  525


Автор: Жібек Ысқақова

Қызым 8 наурыз құтты болсын!

Бауыр етім жан қызым құтты болсын,
Сегізінші наурызың келіп жеткен.
Пәк көңілің ән менен жырға толсын,
Жандүниеңді құлпыртып, гүлді еткен.

Бар әлемнің қуанышын тілеймін мен,
Амандықта жан қызым жүр күлімдеп.
Бағың жанып алтыным бұл өмірде,
Шаттығыңа бөлесін әр күнің тек.

Тілекші боп жүреді анаң саған,
Тәнті болсын саған деп барлық адам.
Көңіліңде жайма шуақ жаз орнасын,
Сәттілікте, құтты боп әрбір қадам.





Пікір жазу