Туындылар ✍️
ХОУ ИДІҢ САДАҚПЕН КҮНДІ АТУЫ
Дуңхай теңізінің бас жағындағы Хэй Чы мемлекетінің терістігінде бір үлкен теңіз бар. Ол теңіздің аты – Таң Гу. Таң Гудың ортасында тұт ағашы бар. Бұл ағаштың биіктігі бірнеше мың метр, ені мың метр, бұл ағаш он күннің тұрақты мекені.
Бұл күндер – аспан патшасы Ди Жүн мен оның әйелі Си Хының туған ұлдары. Олардың денесі күшті жарық пен ыстық шығарады. Әрдайым тоғыз күн тұт ағашының астына барып демалады. Тек бір күн су ішінде жуынады. Сосын ағаштың басына келіп жарық пен жылу таратады. Олардың анасы үнемі алты айдаһарлы арбаға мініп, таңертеңнен кеш батқанша ұлдарын тасып отырады. Күн батқаннан кейін жұлдыз арасынан өтіп, Таң Гуға қайтып екінші баласын алып баруға дайындалады.
Күн шуағы шығып келе жатқан кез өте әдемі. Шығыста күн шығарда тұт ағашының басында әтеш қанатын жайып, шақырады. Осы кезде күннің нұры бүкіл дүниеге тарап, жер жарық болып шыға келеді. Бірақ көп жылдар өткен соң он күн аналарының осындай қайталана беретін еш өзгеріссіз күнделікті тірлігінен зерігіп, олар өзара ақылдасып, айдаһар арбаға отырмай, өзіміз аспанда өз еркімізбен жүреміз деп келіседі. Екінші күні таңертең анасы байқамай тұрғанда, олар бірге ағаш басына шығып, аспаннан адамдардың шат-шадыман тірлігіне қарап, қатты қызығады. Бірақ олар өздерінің бұл ісінің адамдар өміріне қауіп төндіретінін білмеді. Он күн аспанға бірдей шыққанда жер бетіндегі температура он есеге артып, қатты ыстық болады. Егіндер күйіп, өзендер қайнап, тас еріп, тіпті жер бөлініп кетеді. Адамдар тек үңгір ішінде өмір сүретін болды. Тек кеш батқанда шығып, күйіп өлген жануарлармен тамақтанады. Жер беті ысығаннан орман өртеніп, құбыжықтарға барар жер қалмай, адамдарды жей бастайды. Бұрынғы бейбіт өмір енді тозаққа айналды.
Адамдар не істерін білмей, бір бақсыны шақырады, ол тау басына барып, жаңбыр жаууын тілейді. Бұл бақсы теңіз үстінен өтсе дауыл тұрғызатын мықты еді. Ол қара киім киініп, тау басына шығып, екі қолын көтеріп, тоқтамастан дұға оқиды. Қанша уақыт өтсе де жаңбыр жаумайды. Бақсы мас адам сияқты қимылдап, сосын жерге құлайды. Ол он күннің ыстығына шыдамай өліп қалады.
Аспан баласы Сиао қатты уайымдап, Ди Жүн патша тезірек ұлдарын басқарса деп тілейді. Оның тілегі Ди Жүн патшаның құлағына жетеді. Ол ұлдарының қылығын көріп қатты ашуланып, аспандағы атақты садақшы мерген Хоу И деген жігітті шақыртады. Оған қызыл садақ пен он оқ береді. «Анау ақымақ он баланың жазасын бер!» – дейді.
Хоу И аспандағы ең атақты садақшы еді. Атқанда да оғын ұшып бара жатқан шыбынға тигізе алатын. Ол жер бетіндегі жағдайды естіп, күн патшасының рұқсатымен әйелін алып жер бетіне барады. Барып қараса, шөптер өртеніп кеткен, жер беті түгел өліктер. Хоу И ашуланып, халық үшін сол он күнді атып өлтіремін деп ойлайды.
Хоу И үлкен тасқа шығып, аспанға қарай атам деген кезде он күннің нұрына көзі шағылысып ата алмай қалады. Ол басын төмен қаратып, судағы күн бейнесін дәлдейді. Бір қатты дауыстан соң бір зат жерге түседі. Адамдар барып қараса, өлген үш аяқты қарға екен. Бұл қарға күннің өлгенннен кейінігі бейнесі еді. Аспанда қалған тоғыз күн тіпті де қорықпай, қайта Хоу Иді балағаттайды. Хоу И ашуланғаннан сегіз оқты атады. Олар бірінен кейін бірі жерге құлайды.
Сиао И Хоу И барлық күнді ата ма деп қорқып, ең соңғы оқты тығып тастайды. Хоу И оқ жоқ екенін көреді. Ең соңғы қалған күнге «Сен бұзық болмасаң, мен сені атпаймын», – дейді.
Аспан бұрынғы қалпына түседі. Бірақ жер бетіндегі құбыжықтар адамдарға тиісіп, мазаларын алады. Хоу И өзінің міндетін атқарып болмадым деп ойлап, қайтадан, тіпті қауіпті деген міндетін атқаруға кіріседі. Бірден Хоу И адам жейтін алып құсты өлтіреді. Ол оңтүстіктегі бір көлге барып, үлкен жыланмен соғысып, оны кішкентай бөліктерге бөліп өлтіреді. Ең соңында ол садақпен тау сияқты үлкен қабанды өлтіріп, оның етін күнге құрбандыққа шалады. Бірақ күн патшасы оның етін жемейді. Хоу И халық үшін жақсылық жасағанымен, Аспан патшасының тоғыз ұлын өлтіргендіктен, аспанға оны қайта қабылдамайды.