Туындылар ✍️
ЖИҢ ВЭЙДІҢ ТЕҢІЗ ТОЛТЫРУЫ
Ертегі бойынша Янди патшаның кішкентай қызы болыпты. Оның мінезі ашық және өте мықты қыз болып өсіпті, себебі ол кішкентай кезінен бастап әке-шешесі қатты еркелеткендіктен, ол ешкімнен қорықпай, өз ойлағанын істейтін еді. Ол 18 жасында уәзірден шығыс теңізінде Фэнцай, Фанчжан, Инчжоу деген үш періште тау бар дегенді естиді. Таудың шыңында ылғи да музыка ойнап, тұнық су ағып жатады. Бұны естіген қыз қызығып, періште тауға барғысы келеді.
Таңертеңмен қыз жалғыз өзі жолға шығады. Ол арманын арқалап шығыс теңізге сапар шегеді. Бір күн жүрген соң, Фадиао тауы деген жерге келеді. Таудың үстінде көптеген ағаш болады. Сол ағаштың бұтағы қатты, жапырағы өте үлкен болатын. Ол бір торғайды көреді, ал торғайдың үлкендігі қарғадай. Оның денесі қара мен ақ араласқан, басындағы жүні әртүрлі, аяғы қызыл, аузы аппақ, өте әдемі. Онымен қоса торғайдың дауысы ерекше, оның шығарған даусы «Жиң вэй, Жиң вэй» деп естіледі. «Жиңвэй» деген құс осы екен.
Қыз осы құстың дауысынан оның қайғылы екенін біледі. Қыз: «Бұл құс жалғыздықтан зерігіп, осыдан қайғылы ма?», – деп ойлайды. Қыз ақырын ғана: «Кішкентай құсым, сен асықпа, мен келесі өмірде тура сен сияқты құс болып өзгеріп, сенің жаныңда жүремін», – дейді. Алайда өз айтқан сөзінің шындыққа айналатынын ойлаған жоқ еді. Қыз Фадиао тауында бір күн қыдырып, түнде ағаштың түбінде ұйықтайды. Екінші күні таңертең ол мөлдір бастау суына жуынып, қуанып шығыс теңізге қарай бет алады, жарты күн жүріп шығыс теңізінің жағасына келеді. Шығыс теңізі – ең үлкен теңіз, күні бойы толқыны өте күшті, жел болмаса, 3 метрлік толқындығы болады, жел болса, жүз метр толқын болады. Қыз шығыс теңіздің жағасында тұрғанда жел соғып, үлкен толқын болады, адам қорқатындай дыбыс шығарады, бірақ қыз бұдан қорықпайды, ол тезірек періште тау табиғатын көру үшін, теңіздің ішіне секіріп, алдыға қарай жүзеді. Бірақ алып теңіздің бұрқанған дүлей толқыны қызды ағызып кетеді. Қыз теңізге тұншығып, өлігі теңізге батып бара жатқан кезде оның рухы Жиңвэй құсқа айналып, толқыннан озып, Фадиао тауына ұшып кетеді. Ол көп адамның өмірін қиған бұл теңізді жек көреді. Ол теңізді құрғатып жіберем деп өзіне уәде береді. Ол Фадиао тауынан алып келген тас пен бұтақты бір-бірден теңізге қарай лақтырады.
Көп жылдар өткен соң теңіз ашуланып: «Сен аспанның биіктігі мен жердің тереңдігін білмейтін құс екенсің, сен бұл қылықты тоқтат, сен қанша шаршасаң да, мені құрғата алмайсың» – дейді.
Жиңвэй қайсарлана: «Мен толтыра алмасам, менің ұрпақтарым толтырады, күндердің-күнінде бір толтырамыз», – дейді. Осылайшақарлы боран, нөсерлі жаңбыр болса да, қандай шаршаса да, Жиңвэй өз ісін тоқтатқан жоқ. Ол тоқтамай ұшқандықтан, оның қанаты бөлініп қалады, тұмсығымен тоқтамай тасты тергендіктен, аузынан қан ағады. Бірақ ол ешқашан тоқтаған емес, бүгінгі күнге дейін адамдар оның тау мен теңіздің арасында ұшып жүргенін көреді.