23.12.2021
  498


Автор: Жібек Ысқақова

Қызым, мерекеңмен!

Жарқыраған жұлдыздай жарық қызым,
Жана берсін лайым бағың қызым.
Сегізінші наурызың құтты болып,
Арайлы боп ата берсін таңың қызым.

Көңіліңді қайғы-мұң шалмасын тек,
Әрбір күні жүр қызым сен күлімдеп.
Сен қуансаң қуанамын, шаттанамын,
Алтын қызым бақытты, аман жүр деп.

Тілекшімін, аман жүр гүлдей жайнап,
Қуанышта жан қызым күліп-ойнап.
Бақытыңның базары тоқтамасын,
Гүл бағыңда күн сайын бұлбұл сайрап





Пікір жазу