23.12.2021
541
![](/uploads/shorttexts/author_image/me0qjr6ictu.jpg)
8 наурыз мерекеңізбен әжетайым!
Әр көктемде мейрімге бөлейтін бұл,
Құтты болсын әжетай мерекеңіз.
Отбасының гүлісіз тамыр жайған,
Өзіңізбен артады берекеміз.
Ақ мақтадай пейіліңіз ортаймасын,
Ақ жүректі мейрімді әжетайым.
Саулығыңыз мықты боп, шаршамаңыз,
Жаны жайсаң кең пейілді әжемайым.
Құтты болып мереке, күлімдеңіз,
Шаттаныңыз әжетай жоқ боп уайым.
Ортамызда жүріңіз бал-бұл жанып,
Амандықта әжетай жайнап дәйім...