23.12.2021
  318


Автор: Жібек Ысқақова

8-ші наурызбен құттықтаймын, әже!

Сегізінші наурызбен құттықтаймын,
Мейріміне бөлейтін әжетайым.
Тереңінен жайылған тамырыңыз,
Бізге қуат сыйлайды әжетайым.

Көңліңізді шалмасын кірбің әже,
Шаттаныңыз, жайнаңыз, жадыраңыз.
Біздер үшін кеңпейіл жүрегің мен,
Дархан мінез мейрімді атың аңыз.

Қуанышын сыйласын бұл мереке,
Әсем әуен тербелеп жаныңызды.
Жаманшылық көрмесін әжетайым,
Кең жүректі мейрімді жаның ізгі.





Пікір жазу