23.12.2021
494
Әжетайым мерекеңмен!
Әжетайым мейрімді, жаны нәзік,
Әрбір сөзі болатын бізге азық.
Сегізінші наурызбен құттықтап мен,
Шын жүректен отырмын тілек жазып.
Қуанышын сыйласын нұрлы көктем,
Күндеріңіз көп болып күлімдеткен.
Асыл әжем жан әжем аман болшы,
Сыйлап сізге жақсысын бұл бір көктем.
Мерекеден жетіңіз мерекеге,
Асыл әжем жүзіңіз бал-бұл жанып.
Шуағына бөлесін гүлді көктем,
Жаныңызды жылытар отын жағып.