Туындылар ✍️
КУА ФУДЫҢ КҮНДІ ҚУАЛАУЫ
Ертеде солтүстік Сахарада үлкен тау болыпты. Таудың үстінде әулиенің ұрпақтары тұратын. Олар арғы дүниенің бастығы еді. Дүниедегі барлық заттар қап-қара еді. Мысалы: құс, жылан, жолбарыс, арыстан және т.б. Осы кезде күзетші Ту Бo деген үлкен адам өмір сүретін. Оның басы жолбарыстікіндей, үш көзді, денесі сиырдікіндей. Бұл өте қорқынышты адам төзгісіз жер екен.
Тауда алып адамдар тұрыпты. Олар құлақтарына екі жылан іліп, ал қолдарына екі жылан ұстап жүретін еді. Олар сырттан қарағанда қорқынышты болғанымен, жүректері өте мейірімді еді. Солардың арасында Куа Фу деген адам өмір сүретін. Ол ұзақ уақыт осы қараңғы дүниеде өмір сүргендіктен күн жарығын қатты аңсайтын.
Бір күні ол халқына күнді қуалап, оны ұстап алып, жерге жарық пен жылуды орнатуға уәде береді. Ол күннің шығыстан шыққанын көріп, күнді қуалайды. Ол күнді қуалап, Жыжяңның Тайжоу деген жеріндегі Фуфу деген тауға келеді. Оның сол тауда үлкен аяқ іздері қалды. Көп ұзамай күн батысқа батып бара жатады. Ол жер бетінде желдей зулап, мың шақырым жол жүреді. Ол Хунаньның Юан Лиің деген жеріне келген кезде қарны ашып, үш үлкен тастан ошақ жасап, тамақ пісіріп жейді. Кейін осы үш тас үш үлкен тауға айналады. Ол Ганьсудың шығыс жағындағы Жиң Чуан ауданына келгенде тобығы ауыра бастайды. Аяқ-киімін шешіп, аяқ-киіміне кіріп кеткен ұсақ тастарды төгіп тастайды. Осы тастар кішкене төбешікке айналып, оны адамдар «Жын Фу» деп атап кетеді.
Күндер өте келе Куа Фу қатты шаршайды. Ол бір үлкен ағашты жұлып алып, таяна күнді қуалайды. Ол күннің бататын жеріне келіп, күнді ұстап аламын деп ойлайды. Бірақ күн нұрының күштілігі сонша, Куа Фудың басын айналдырып қатты шөлдетеді. Шөлдегені соншалық, ол Хуаң Хының суын бір ұрттап тауысады. Куа Фудың шөлі қанбай, Уй өзеніне барып, сол жақтың суын ішеді, бірақ оған да шөлі қанбайды. Сөйтіп, ол солтүстікке барып, Шэнсидің Үан Мын Гуан деген жеріне бара жатып, шаршап жерге құлап, мерт болады.
Куа Фу мерт болған соң оның денесі бір үлкен тауға айналады. Адамдар бұл тауды «Куа Фу» деп атайды. Оның еттері топырақ құнарлығын арттырады. Куа Фудың қолындығы таяғы үлкен шабдалы ағашына айналып, кейінгі ұрпақтарға мол жеміс береді.
Куа Фу өлгенімен, оның рухы өлмейді. Оның рухы аспандағы әулиеге барады. Әулиелер оның батырлығына әсерленіп, құдіретті күшпен әруағын күннің үстіне шығарады. Куа Фудың денесі осы арқылы аспанға көтеріліп, күннің үстіне барып, ол өзінің аңсаған арманына жетеді.