22.12.2021
  284


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Қала үнсіз, мен үнсіз…

 


Әңгіме


Тан Шао Ляң


 


Жарық өшті.


 


Кешелі  бері сұрапыл дауыл, барлық үйлер аты-шулы Тайфуңда есі шығып теңселіп тұрды. Мен көрпемді қымтана жамылып, осындай теңселісте өлімді көз алдыма елестеткендей болдым.


Алып дауылдар теңіз жағалауында орналасқан қалаларда жиі кездеседі. Мен осындай сұрапыл дауылдар соққан кезде көңілім қатты құлазыйды. Дәл осы уақытта жанымда біреу болса, мені сүйіп, құшақтап, менің қобалжығанымды өз денесінің жылуымен басар еді деп ойлаймын.


Қала бос қалды. Сондықтан, сұрапыл боран өз-өзін ұстай алмай  дір-дір етіп бүкіл қаланы шарлады.


Бүгінге қойылған ең соңғы емтихан кейінге қалдырылды. Мен күні бойы үйде болып үзіліссіз жазу жазып, тоқтаусыз су іштім. Терезеден даланың күңіренген кейпін көруге болатын. Ағаштардың көбі жерге құлап, жолды бөгеді. Айнала сүреңсіз күйде.


Мені мазалаған іс ол  менің  интернит желісіндегі ғашығыммен күні бұрын кездесуге уәделесіп қойғаным.


 


Жарық әлі жоқ. Компьютер қараңғыда тым-тырыс маған қарайды,  барып тішгін ұстасам суықтығы соншалық қолды үсіреді. Қарғыс атқыр дауыл. Мен жаңадан алған  балауыз шамымды жақтым. Сағыныш кенеттен сұрапыл дауылға ұқсас бойымды жаулап алды, адам үнемі осылай шарасыз күйде қалады. Адамдар үнемі бәрін өзіне бағындырдық деп ойлайды, алайда, барлық нәрселер оларды бағындырып жатады. Мен жалаң аяқ орындықта отырып, кез келген уақытта өшіп қалатын жарыққа нәлет айта «八月未央» -ді қайта оқып шықтым. Ғаламтордағы кейбір нәрселер адамды мұңайтады.


«再见野鼬鼠»кітабында: “Егер сен ешқашан бір адамды сүймесең, оны сүймей-ақ қой, ал сүйіп қалған соң одан айырылып қалсан, осы – Тәңірдің саған берген жазасы”.


Мына жел қаншама жанды жазалады? Қаншама бір-біріне сүйеніш болар жандар кездесе алмай отыр? Мен де мүмкін солардың арасындағы біреуі болармын.


Адамдар үнемі өзінің ақыл-ой парасатымен өзі сүйетін және өзін сүйетін адамдарды таңдай алады. Шын мәнінде, ол тек өз-өзін алдау. Немесе олар өзі сүйген адамымен бірге болып, өз кесірінен болған теңсіздікке үнсіз төзеді. Немесе өзін сүйетін адамдармен бірге болып, сол адамға өзі сүйген адамға деген сағынышының азабын мойнына артады.


Қатігез махаббат!


Егер де ол адам сені сүймесе, бұл махаббат өте аянышты. Адамзат осындай амалсыз махабатқа жаны жақын.


Әйел адам өмірінде екі ер адамға кездеседі, біреуі – жылатады, біреуі – жан-тәнімен сүйеді.


Махаббат әрқашан жауапты бола бермейді. Адамзат осындай азаптарды ғасырлар сайын қайталап басынан өткізеді.


Сүйіп, азаптанып көрген адам өзінің әлсіз сезімін қорғай алудың амалын таба алады, бұл болса жаңа махаббат отының тұтауын тоқтатады.


Шамның жарығы бірте-бірте өшті. Мен  оны сағынып, қайтадан көңілім құлазыған күйге түстім.





Пікір жазу