22.12.2021
  331


Автор: Нұрхалық Абдырақын

Өмір мен өлімнің арасында

Тірі не өлі адам болсын, олардың барлығы өлім жайлы әңгіме қозғағысы келмейді, алайда өлімді тұтастай бір апат деп санауға болмайды.Тіпті біздің былай айтуымызға болады: өлімнің бар болғандығынан ғана, біз  өмірдің  бағалы екенін түсінеміз, сондықтан да, өмірді құрметтей бастаймыз.Өмір- өмірдің басталуы, өлім- өмірдің аяқта лғаны.


Әр кез ауруханада талма жүрек ауруымен ауыратын , радиоактивті сәулелермен ем алғандықтан ерні көгеріп кеткен кішкентай баланы  немесе  басында шашы жоқ ракпен ауыратын науқасты көрген кезімде, мен былай ойлаймын: олар өздерінің аз уақыт өмір сүретінін білсе, сонда олар өлім жайлы философиясын ойлап шығара ала ма екен?


Әрбір өлімге қарсы тұратын адам, өлім жайлы мағлұматы бар философқа айналады. Қатыгез соғыстардағы жауынгер, түрмедегі өлуші адам, жазылмайтын ауруға душар болған науқас, барлығы да өмірге деген бір сезімге ие, өлім оларға осындай сезімді ұялатады.


Мәселе мынада, біз әрбір адам аспан астындағы өлім жазасына кесілгендерміз, жазылмайтын ауруға шалдыққан науқас, тіпті өлім мен өмір арасындағы шайқас алаңындағы жауынгерміз бе? Бәр-бәрі де Өмірден өлімнің бейнесін, көре алады. Мен жиі өлім жайлы терең ойға батам, тірі адамның өмірінен, өлгісі келетін адамның өлімінен, осы өмір мен өлім арасы жайлы біраз қысқа мақалалар жаздым.


Жаратушы көптеген нәрселерді жасамас бұрын, алдымен махаббатты жасаған!


Махаббат, адамдарды өлмеуге шақырады!





Пікір жазу