Сілекейді жұтып алмаңыз
Лю Юың
әңгіме
Бір жолы таксиға отырып үйге қайттым, жүргізушінің қателігінен, басқа бір жерден бұрылып кетіп, үйге жарты сағат жол жүріп әрең жеттім.
Көліктен түскен кезде жүргізуші кешірім сұрады, мен оған: «Ештеңе етпейді!» дедім. Сонда жүргізуші: «Солға бұрыл дегенде, оңға бұрылатын оңбаған адам екнсің!» деп айтатын шығарсыз- деп риза болған ол әңгімесін бастап кетті.
Мен әскери лагерьге, бастауыш сыныпта бірге оқыған сыныптасымды, іздеп барған едім, ол бір қарапайым жұмыскер: шай құю, су тасу, барып кел, алып кел еді, тіпті мен оған барған жарты сағыттың ішінде оны бірнеше рет шақырып мазалады.
Қоштасар кезде, ол маған күлімсіреп: «Сен бұлардың мені кемсіткеніне, мазалайтынын елеме, ештеңе етпейді, мен әлде-қашан олардан өшімді алып қойғанмын. Бірде командирдың қыз досы келген еді, ол маған өзінше кофе жасап, шай құй деді. Мен сол шайының ішіне қанша рет түкіріп тастағанымды кім біліпті?!» деді.
Енді бір әңгіме, мен теларнада жұмыс істеп жүрген кезімде бір әрептесімнің маған: «Бір кісі далада шыр көбелек айналып жүр өте көңілді»-деді. Мен одан: «Сен қайдан біледің?»-деп сұрадым. Ол маған қарқылдап: «Оны білмек тұрмақ оған дәлелім бар!»-деді. Сөйтсе жаңағы «кісіні» бір көлік жүргізушісі өсектеп жүреді екен, жүргізуші болса оның сырлас досы екен, сондықтан елдің барлығы жүргіушінің сөзінің ақ-қарасын ажыратып жатпай ақ, сол өсекке сенеді екен!
Осы екі айтылған әңгімеден менің тұжырымдағаным, бір адамның лауазымы неғұрлым төмен болса, соғұрлым сол адаммен сыпайы болу керек. Оның үстіне, сенің лауазымың неғұрлым жоғары, неғұрлым мәртебең биік болған сайын, соғұрлым лауазымы төмен адамдарды құрметтеу керексің.
Конфуцийдің атақты сөзі бар: қарапайым дәрежесі төмен адамдар өте кінамшіл келеді, олардың ең қиын жері, сен оларға қатты жақындап кетсең, сені сыйламай кетеді, егер олардан тым алыстап кетсең, олар саған наразылық білдіреді.
Бұл сөз бұрынғы таптық көзқарастық дәуірде айтылған болса да, ғасырлар бойы мән-мағынасын жоғалтқан жоқ, ол- неғұрлым адамның лауазымы төмен болған сайын, соғұрлым олар өзін-өзі кемсіткіш, оңай әсерленгіш болады, сондықтан, тіпті оларды келемеждеуді былай қойғанда, сенің жай ғана айтқан сөзің де оларға ауыр тиіп кетуі мүмкін!
«Біреуді басқалардың көз алдынша кінәләма!» бұл бағынышты адаммен қатынастағы ең бірінші ұстаным. Есімде, мен бір жолы достарыммен бірге тамақ ішуге барған едік, балықты алып келген кезде, барлығы дәм татқаннан балықтың жақсы болмай қалғанын сезді. Осы кезде арамыздағы біреуі ештеңе болмағандай, сол мейрамхананың бас аспазшысын ақырын шақыртып алып, өте бір сыпайы түрде оған: «Сіздің шеберлігіңізде сөз жоқ! Балық өте дәмді болыпты!» деді, артынша құлағына сыбдырлай: «Мына балықты ішке апарып, дәмін татып көре алмайсыз ба?» деді, біраздан кейін жаңағы бас аспазшы балықты қуана алып келіп: «Дәмін татып көріңіздер, енді қалай болыпты?» деп, жаңағы балықты ауыстырып алып келгендігін білдірді.
Бұл көптеген мысалдардың бірі ғана. Бағанағы досымның айтуы бойынша: «Егер біз сол кезде бастығын шақыртып алып, `сенің балығың бұзылып кеткен!` деп шу шығаратын болсақ, онда ол да өз абыройын төкпес үшін, балықты бұзылмаған деп тұрып алар еді. Сол керек па бізге?! Одан, екі жақ ты зиян шегеді. Оның үстіне, жеңген күнде де, келесі тағамның ішінде қақырықтың жүруі әбден мүмкін!»
Бүгін біздің көлікке отырған жағдайымыз да осы сияқты емес пе?
Ол қателесіп, басқа жаққа бұрылып кетті, мен оған сыпайы түрде: «Бұл бағытымыз дұрыс емес сияқты!» дедім. Ол жаймен артқа қарай бұрылды, жол ақысын да артық алған жоқ, оған қоса кешірімін де сұрады, біз осылай татулықпен қоштассақ неміз кетеді? Шығар кезде шағымданып, екі жақтың да жынданғанының не керегі бар?
Сен өмір жолында, көптеген қарапайым, дәрежесі төмен адамдарды кездестіруің мүмкін, сен жоғарылай берген сайын, ондай адамдар көбейе береді. Оның үстіне сенің жоғарылығың, сол адамдардың көмегінің арқасында, сені көтеретін де солар, түсіріп, құртатын да солар. Сен оларға өр кеуде, нашар болсаң, оларға ол өте қатты тиюі мүмкін; сен оларға кішкене жақсы қарасаң, олардың аузында сен өте үлкен мадаққа ие болуың мүмкін. Олар бір маңғазданып, қуана: «Осындай атақты, лауазымы биік адам, менімен шынымен осындай жақсы қарым қатынаста болады кім ойлапты!» Сонда сенің абыройың одан ары жоғарылайды, оның үстіне сенің атың ең төмен адамдар арқылы айтылатын болғандықтан, ел: «Ол тіпті өзінен төмен адамдарға осындай жақсы, көзқараста болады!» Оған қоса, сенің ең қиын-қыстау кезеніңде, шыныменен саған көрсететін де солар болады.
Есіңде болсын!
Саған күнде керек жарағыңды сайлап, жабдып жолға шығарып салатын сол қарапайым адамдар, сенің бар көмекті беретін де солар, ұстараның жүзін сенің тамағыңа қойып, сақалыңды алатындар да сол қарапайым жандар емес пе?