Айыркының жарығы
Ба Жинь
Шам қояр шақтағы ала көлеңкеде өзімнің он сегіз жылдың алдында тұрған ескі үйімді адасып жүріп әзер таптым, табан іздерім қалған бұл көше мен үшін өте ыстық, жалаң аяқ, жалаң бас шауып жүрген балдаурен шағым жадыма оралып, жаным жасарғандай болды, төңірегіме балалық сезіммен еркелей көз жүгірттім десе де, бұл көше бүгін мүлде басқа кейіпке енген, мені танымай тусыртын бере тосырқай қарайды. Бірақ мен баяғы көшемді танып тұрмын, сол бұрынғы кең көшемен дәу үйді жазбай таныдым. Дәу үйдің биік дуалына тыныштық сауыты мен тас арыстанның бейнесі өрнектелген. Бұл жарасымды нақыштарға кезінде біз үнемі арқамызды тіреп отырушы едік, ал бүгін бұлар мені танымаған бейнеге еніп алған. Өстіп тұрғанда қақпа айқара ашылды, кіреберістегі«үлкен үйдің ұрпақтары»- деген төрт иероглиф әуелгісіндей қаз-қалпында қасқайып қарап тұр, бұл жазулар жауын шашынға титтей де бой берместен сол баяғы түсін жоғалтпапты.
Мен осы әріптердің тұсына келгенде өзімнің он сегіз жылдың алдында қалған көп естемелерім есіме еріксіз түсті.
Қақпа күзетшісі де менің үлкен үйдің ұрпағы екеніме сенбестікпен күдікпен қарайды. Ол менің жанымды қайдан түсінсін, ол он сегіз жылдың алдындағы осында ойнап жүрген жас баланы қайдан танысын. Ол менің ішімде жатқан шумақ-шумақ ойларымды қанша кектене қараса да, өшіре алмасы анық.
Жер бетін тұтастай қараңғылық жапты, мен ештеңені де көріп тұрған жоқпын, дәл осы кезде есік жарық етіп ашылып, меңіреу қараңғылықты бір сәуле жарып шығып менің көкірегіме енді, ол жарық менің жаныма жылу бергені былай тұрсын, көкейімде күпті болып жүрген ойымды одан сайын сыздатты. Менің салындым суға кетіп, келген ізіммен кері қайттым, таяқ тастам жер жүргенім сол қандай құдіретті күш екенін білмеймін. Селт етіп артыма қарап, өзімнің балалық шағым шашылған бал күндеріммен амалсыз қоштастым. Тек жаңағы үйдің терезесінен шыққан жарық сәулесі ғана мұнартады. Аттай тулап алып армандарға арқаланып келген менің тауым шағылып, ауыр жүк артқан арық аттай ілбіп келем. Көше өлі тыныштықта, жолдың екі жағы бүгінгі күнің сәулетімен салынған сәнді сарайлар. Менен басқа адамның аяқ тықыры әзірге естілмейді, су астындағы жарықтай тұншыға маған жалына қарайды. Ол, әрине, әпкем Айыркының үйіндегі жарық. Бұл жарық тегінде менің ініме алыстан бағдар беріп жол нұсқаушы еді. Әпкем алыс сапарға кеткен інімді далаға шығып күтумен болады, ақырында шаршап өз моласына еніп жоқ болады.
Көзге түртсе көргісіз қараңғы, көше баяғысынша жым-жырт, мен де жым-жырт, кенеттен менің құлағымның түбінен мұхиттың аржағының әсем әуені сыңси естілді. Міне, ғажап! Бұл көшеде бұндай бөлек дауысты жан жоқ еді. Әлде бұл дауыс өзімнің кітап жадылығынан құлағымда қалған әуен бе? Он сегіз жылдың алдындағы көктемнің рауандап атқан бір таңында кіндік қаным тамған қаламнан алыс жаққа кетіп едім, мен енді ғана өзімді қайта таптым. Сол кезде мен әпкеме күн құрғатпай келіп тұрушы едім, әр күні көрген-білгенімді бүкпесіз әпкеме айтып ағымнан ақтарылушы едім, ол кезде әпкем күйеуге шыққанына енді ғана бір айдың жүзі болған еді, жұрттың бәрі оның күйеуінің мінезі жайдары екенін айтып бақытты да, баянды ғұмыр кешеді деп ойлайтын. Бірақ жұрттың бұл болжамдары кенеттен желге ұшты, иә, бұл бір күтпеген жағдай еді, алайда тағдырдың қатал жазуы оның жас жанын жаралап кетті.
Үйден кеткеніме жарты жыл болмай жатып, әпкемнің өлім хабарын естідім. Жездем саусақтары дірілдеп, көз-жасын көлдете қайғыдан қан жұтты, әп-әдемі жездем өмірден бір жолата баз кешті. Ер жігіттің ер тоқымы еңіске кетті, баяғы апиын соғысындағы улы шегіндікке уланған еркектердей кейіпке енді, айтатыны менің әпкем, мен-андай, мен-мұндай деп, өзін-өзі кінәлап жұлып жеп қоя жаздайды. Бұл бейшара қыз бұл өмірден не жақсылық көрді дейсің, құндақталған кейпінде өмірге келіп, сол қалпында жарықпен қош айтысты ғой, артындағы нәзір-құзырын өткізетін менің халім мынау деп- сорлы жездем одан сайын жер тепкілейді. Бұл міне біздің көшедегі барлық әйелдердің тағдырына әбден ұқсайды-деп кейде өзін жұбатқысы келсе де, жұбатуға дәті жетпейді. Мен он сегіз жыл бойы дала безер болдым, мен кеткелі менің бейшара әпкем ешкіммен тіс жарып әңгімелеспеген.
Мен түсімде ғана анда-санда әпкем Айыркының терезесінің жарығын көремін. Қызық, осыдан бір жылдың алдында мен Шаңқайда жүргенімде түс көргіш болып кеттім, көзімді жұмдым болды, көретінім сол баяғы жарық, бірақ ол жарық өте алыстан бұлдырайды, көз алдымда аспан түстес көкпеңбек алып теңіз, жарық мені өзіне шақырады, кенеттен маған қанат бітті, арғы бетке ұшып барғым келді, арпалысып алысқа ұша алмай қиналамын, аяғымнан тартатын жын-жыбырлар маған көп кедергі келтірді. Мен сол жарыққа барғым келеді, бірақ ол көз ұшында, міне, енді менің қанатым жоқ, бұның бәрі тек бос қиял ғана, тек өзіме-өзім ұш, ұш деп шабыт берем, одан басқа түк те жоқ.
Мен ақыры өзімнің балалығымды қайта таптым, тапқанда он сегіз жыл сыртта қаңғып жүріп зорға таптым, қинала өте ұзақ жол жүріп таптым.
Биыл, міне, он тоғызыншы жыл, бәрі де өзгерген, бәрі де басқа, бірақ ештеңе өзгермеді деп ойласаң, солай да сияқты. Тек талай адамдар арғы дүниеге кетіп, жер томпайтып жер астынан сығалайды, талай отбасылардың шаңырағы ортасына опырылды. Бірақ өмір жалғасуда, талай жаңа адамдар жер бетінде талтаңдап спектакльдік рөлді ойнауда, бірақ олар оның трагедиямен аяқталарын мүлде білмейді. Текке өтіп жатқан қайран өмір, желге ұшқан қайран күш–жігер, селге кетіп жатқан қайран асыл сезім, далаға кетіп жатқан қан-термен келген қайран байлық десеңші. Тіпті бұдан қуаныш пен көз жасы да тыс қалмайды. Бәрі-бәрі ысырап. Мен он сегіз жылдың алдында кеткенімде осылай еді, қайтып оралдым, өзгерген түгі де жоқ. Мен өзіме-өзім осы тар аулада айқайлай ұрыстым: «Сонда менің он сегіз жылым текке кетті ме? Осынша жылдағы бар өзгеріс тек сыртқы келбеттегі өзгеріс пе? Жан дүниемізде титтей де өзгеріс болмағаны ма сонда?» Мен бұған жауап таппай өз-өзімнің екі алақанымды бір-біріне ысқылай бердім, жауап айтуға батылым жетер емес.
Мен мәңгі ұмыта алмайтындай бұл қалада көп күндерім өтті, тек күндерім ғана өткен жоқ, онда қуанышым да, қайғым да өткен және басқалардың да мен сияқты бағы мен соры болған шығар бұл қалада. Өмірге келдік, қалай өмірге келсек солай кету ме? Жоқ әлде, көп іздер, көп қуаныш, көп мұң қалдырып жылыстау керек пе? Мен өзімнің туған бөлмемді көрдім, бірақ бұл жерден не іздеп жүрмін, іздегенімді бұл жерден таба алмасымды жақсы білемін. Мен апайым мен жеңгем сияқты болмауым керек. Ол жерге кіргенде ештеңе де жоқ, тек көретінің - қытайлықтардың байырғы ескі салт-дәстүрінен басқа ештеңе жоқ. Тек бір отбасының күйбең тірлігі мен қайғысы сені мезі етеді, өзіне шырмауықтай орап алады.
Мен сол адамдар жүрген ескі жолмен жүргім келмейді, бірақ мен өзімнің жолымды таба алмай дағдардым. Алайда, бұл арадан талай рет жүргем, бірақ менің көретінім - тек баяғы сол төрт әріп.
Үлкен үйдің ұрпақтары деген бұл төрт иероглифтің тұрғанына қанша жыл болғанын мен білмеймін. Бәлкім, бұл жазу біздің ата-бабаларымыздан қалған жазу шығар. Жақында мен атамның өсиетнамасын тауып алдым, онда ол бар нәрсені қос қолымен жаратқанын жазып, ұрпақтарының бақуатты ғұмыр кешуін ойлағанын айтыпты. Ол бүкіл ғұмырында бізге аманат еткені - адам өз отбасын жақсы сақтау керектігін және оны таза көркемдік деңгейде ұстауын насихаттапты, ал ұрпақтары бізде сол баяғы атамыздың айтқанын өзіне бүгін қайталап отырмыз, өзгерген ештеңе жоқ. Тек біздегі өзгешелік - бар байлықты бөлшектеп сату, менің таңғалғаным - ата-бабаларымыз алғыр ақылды бола тұра осындай бір қарапайым қағиданы білмеді ме? Байлық тек үлкен үйдің ұрпақтарына ғана тән деп бар байлықты ішпей-жемей жинаған олардың ұстанған ұстанымы тек әулетті сақтау, бұл олардың өмірлік бағдаршамы. Алайда мен бұл тар шеңберді талқандап, мұнау кең дүниеге бой ұсындым. Менің асау армандарымның көлеңкесінде байлық қалып қойды. Асыл адамгершілік қасиеттерім былық пен шылыққа толы тар шеңбердегі ит өмірді жасырып отыр. Бірақ асау армандарға қол жеткізу үшін үлкен үйдің ұрпақтары деген төрт иероглиф желкемізден төніп тұр. Бұл жиркенішті төрт иероглиф қаншалаған жастардың жалынына су құйып, армандарын сөндіріп, алыстағы асқарға шығуына кедергі келтіріп отыр. Бұл әрине, отбасы ошақ қасынан шыға алмай армандары мен таланттары көмілген қаншама көп жастар десеңізші!
Отбасы ыстық, бірақ ол адамның сіңіп жоғалып кететін жері болмауы керек. Айыркының отбасының жарығы мені ешқашан да өзіне тарта алмайды.
Тағы да көктемнің рауандап атқан бір таңы, он сегіз жылдың алдындағы баяғы адамдар менің отбасымның алдына жиналып алған, бәрі түп-түгел осында. Бұрынғыдай мен әпкемді көре алмадым, бірақ мен оны күтпедім, бұл деген сөз оның моласына бармау деген сөз. Бір ағаймен бір бала шәкірт мені көлік бекетіне жеткізіп салды. Олар мені дәл он сегіз жылдың алдындағы сол жолмен жеткізді.
Менің қуанышым қойныма симай келсе де, көкірегім қарс айрылып азаптанып қайттым. Машина бекеттен қозғалғанда менің тұла бойымды бір қимастық сезім биледі. Алайда, таңғы самал мен туған жерімнің жұпар аңқыған иісі қосылды, машинаның қозғалысы және атыздан шыққан будақтаған тозаңдар да мені шаршатпады. Мен жанымда отырған сапарластарымды да тыңдамай, басымды көлік терезесінен сыртқа шығарып, кір жуған жерімнің таза ауасын құшырлана жұттым. Мен міне қатты қуаныштамын, тар шеңберді бұзып отбасылық бұғаудан арылдым, шетсіз де шексіз әлем кеңістігіне жол тарттым.
Кенеттен мен атыз арасынан түсімде көретін жарыққа ұқсайтын жарықты көрдім, бұл маған үйреншікті жарық. Бұл, әрине, менің аяулы әпкем Айыркының үйінің жарығына әбден ұқсайды, қайран сол әпкем марқұм болды ғой. Бұл менің жан-дүниемнің жарығы, бұл жарық маған мәңгілік бағдар беретін өмірлік жол бастаушым болмақ.
1941 жыл 3 наурыз Чоусинь қаласы
Автор туралы мәлімет:
Атақты жазушы Ба Жинь (巴金BaJin1904-2005)
Ба Жинь (Ли Фэйгань) 1904 жылы 25 қарашада Чэндудағы ақ сүйек отбасында дүниеге келген. Бала жас кезінен ескіліктің қалдығынан ажырамаған ортада өсті.
Оған берілген тәрбие де ескіден келе жатқан салттарды дәріп теуді үйрететін. Кейін ол анасымен бірге түпсіз терең көгілдір аспанға құлшылық етіп, шырақ жаққанын есіне алады. «Бар жан- тәніммен құдайға табынып, жер бетіндегі әрбір жанға бақыт тілейтін едім», деп жазады ол. Ба Жин ата-анасынан ерте айрылады. Анасы он жасында, ал әкесі он үш жасында қайтыс болған. Болашақ жазушының тәрбиесін атасы қолына алады. Әулетті отбасылардың салты бойынша, сауат ашу сабақтарын Ба Жиньжалдамалы оқытушыдан алады. 1920 жылы ол Сычуань провинциялық шет тілдер мектебіне оқуға түсіп, ағылшын тілін меңгере бастады. Атасы оны банк шенеунігі етіп шығаруды көксейтін. Адамның рухын мұқалтып, ішін пыстыратын маманды болғанымен, қаржылай өмірін қамтамасыз ететін осы мамандқты игеруіне итермеледі де. Бірақ, немересі таңдауды өзі жасады.
Оның «Отбасы家», «Ызғар寒夜»атты романдары және«Көктем春», «Күз秋» «火От»қатарлы үш бөлімге бөлінген романы, Сонмен бірге «灭亡» ең алғашқы әңгімесі« 憩园Демалыс бағы» «第四病室4 палата» атты повестері және «随想录»атты шығармалар жинағы жарққа шыққан.