21.12.2021
  188


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Қадіріне жеттің бе?

Қадіріне жеттің бе уақыттың, әр сәттің?
Сарсаң оймен сабылтып жүйке-көлік шаршаттың.
Күн қыздырды төбеңнен, бауырыңнан Жер Ана,
Терлеп-тепшіп балбырап көктемдегі қарша ақтың.

Қадіріне жеттің бе бойда қуат бар Шақтың?
Той-думан мен қыз-қырқын дырдуына қарсы ақтың.
Бас жарғызып сойылға, Байтөбетке таланып,
Жемі болдың шибөрі, ашкөз қасқыр, қарсақтың.

Сүңги білдің өзенде жал-құйрыққа жармаспай,
Мың құбылтқан өң-түсін айла, қулық алмаспай,
Мінездерің төменшік — тұйықтығың томаға,
Шыға алмадың аспанға жай тастауға алмастай.

Қартайғанда қамығып шарша осылай қуатсыз.
Ашты тырдай етегін өз ғасырың ұятсыз.
Келер Барыс ғасырға қазақ барса, — сен барсың,
Қазақ барда ойлама қаламын деп миятсыз.





Пікір жазу