21.12.2021
  119


Автор: Естеу Нүсіпбеков

Сөз - артист

Сөз — артист,
Жасанады алуан түсте.
Түрленеді киімі де киген үсте.
Әлде шын, әлде ойын, әлде оспақ,
Шиесі тым шытырман түйген іште.

Көп сырын ешкімге оңай танытпайды.
Ой атын жүгендейді, хамыттайды.
Не терең, не тылсымға сүңгітсе де,
Көз алдап — сағымданып шаңытпайды.

Бастайды айқын, ашық алыстарға,
Жорттырып,
Қосып көріп жарыстарға.
Кешікпей ұстатады тізгініңді,
Есіңе ес қосатын таныстарға.

Сөз — артист,
Сахынасы күнде басқа.
Бейтап боп, дәт шыдар ма тыңдамасқа.
Сорым ғой түссе сөзім сахынадан,
Қайда әбді ар, имандай құндамасқа?!

Тап басып тануға оны діт көз керек.
Ал, сана саралайтын тіпті өзгерек.
Табылар кімнен қанша сана зерек?
Табылар кімнен қанша діт көздер еп?





Пікір жазу