Алпысқа
Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.
Ауырлық бар, денем де жылдам емес,
Ақылшылар көбейді айтар кеңес.
Табиғат өзінікін алады екен,
Жүгіріп шыға алмайсың, тұрса дөңес.
Патша көңіл, сен неге алаңдайсың,
Жүрегім қуан әр кез, қайғы азайсын.
Жайдары көктем, жазым өтсе-дағы,
Алаңдап, биіктерге қарайлайсың.
Төрт мезгіл болады екен бұл өмірің,
Сонда да өзгермейді жас көңілің.
Еңбек етіп жүресің дүние жиып,
Төрт құбылаң толса да бар өңірің.
Алпысты тал түсім деп аялайсың,
Жан-жаққа бұрынғыдай қарамайсың.
Тілеймін амандығын қосағымның
Мәпелеп ерткелеткен баладайысң
Аптығып немерелер шығады алдан,
Жетейік биіктерге ойға алған.
Қос ақққудай 40 жыл бір келеміз,
Асқар шыңға бастасын алдағы арман.