20.12.2021
  217


Автор: Ақанжан Келімбетов

Анамен әсем бәрі де

Ойында мейірім ақ тілек,
Бойында ақ сүт, тәтті леп.
Анадай пейіл қайда бар,
Бәріне тұрған бақ тілеп.

Арадай балын жиятын,
Ақылы дария құятын.
Ананың кеуілі кеңістік,
Бүкіл әлем сиятын.

Қызғыштай қорғап ұясын,
Бала үшін жанын қиятын.
Анадай пәктік қайда бар,
Сақтаған арын, ұятын.

Ажары ақ таң арайлы,
Күлімдеп күнде қарайды.
Ананың көңілі күн көзі,
Жарқыратқан маңайды.

Сұлулық, өмір сәні де,
Әлемнің шырқар әні де,
Бар тіршілік мәні де, –
Анамен әсем бәрі де.





Пікір жазу