20.12.2021
277
Жеңіс күн
Ащы дәмін татқан білер Жеңістің,
Бәрі болды қиындық пен кемістің.
Өмір-өлім сыналғанда майданда,
Тірі жүрген деп айтпады кеміспін.
Күндіз-түні уақытпен кім санасты,
Ерте тұрып, жұмысына тарасты.
Жарты құрсақ, жыртық киім, күлкісіз,
Бірақ намыс кекпен қайнап таласты.
Көп нәрселер тұрушы еді жараспай,
Ақ жаулықты жеңгейлер жүр адаспай.
Есіл-дерті майдандағы жарында,
Хат келсе егер жиналады толаста.
Найза кірпік, жәудіреген көздері,
Көңілі пәс, жұп-жұмсақ боп сөздері.
Ағайыңнан хабар болмай тұр ғой, – деп,
Күрсінетін аянышты жүздері.
Сол сұрапыл кездерде әдеп сақтаған,
Жеңешемді көрген сайын мақтанам.
Адал үміт аман қосты ағайды,
Екеуіне сүйсініп сыр ақтарам.