20.12.2021
284
![](/uploads/shorttexts/author_image/auttt[7].jpg)
Ұстазым қымбат бәрінен
Сырласқан жаспен, кәрімен,
Сыйласқан жұрттың бәрімен,
Сөйлеген сөзді жәйімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.
Мінезі майда әрі кең,
Сөздері терең мәнімен,
Бастауын алған әріден –
Ұстазым қымбат бәрінен.
Жарасқан киім сәнімен,
Өнерді сүйген жанымен,
Баураған жұртты әнімен –
Ұстазым қымбат бәрінен.
Шәкіртін сүйген жанымен,
Суарған білім нәрімен,
Еңбегі адал бағымен –
Ұстазым қымбат бәрінен.
Құрметті елге барымен,
Татулығы үлгі жарымен,
Азамат, биік арымен –
Ұстазым қымбат бәрінен.