20.12.2021
  254


Жалқаулықтың миға пайдасы

Өзіме келер болсам, мен жалқау болудың үлкен жанкүйерімін. Керемет демалыс туралы сөз қозғалғанда, мен қандай да бір алыс жерге сапар жоспарлаудың орнына, «Subway Surf» ойынын ойнап, диванда тамақтаны ойыма клер еді. Мен бұл туралы айтқан кезде адамдар әрдайым таңғалады, өйткені менің болашақ жұмысым зерттеу, жаңашылдыққа үйрену, өнімділік болып табылады. Бірақ жалқаулық әуел бастан мені өнімділікке қызықтырған нәрсе, себебі аз уақыт ішінде көбірек жұмыс істеу демалуға көп мүмкіндік береді.



Алайда, қазіргі кезде демалу мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Жаһандық короновирус пандемиясы әлемдік күйзелісті тудырған болатын. Көптеген адамдар өздерін ақылсыздықтың алдында тұрғандай сезінуі мүмкін, өйткені олар өздері болуы керек деп ойлайтындай көп нәрсе жасамайды деп қорқады. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, жалқау болуға мүмкіндік беру өте жақсы антидот болуы мүмкін.



Пандемия кезінде күнделікті режимді, өнімділікті орнату теріс әсерін тигізуі мүмкін. Бұл біздің миымыз бір уақытта жаңа әрі қауіп төндіретін нәрселерге таңдамалы түрде назар аударуға арналған. Бұл біздің күн сайын жаңалықтарды немесе әлеуметтік желілерге кіріп-тексерумен, әр 10 минут сайын немесе бір мезетте үш апта бұрын алған хаттарымызды оқыған кезде қайтадан еске алып, үрей тудыруымызбен сипатталады. Карантин жағдайды одан сайын нашарлатады.
Әр күнді өнімді өткізу туралы ойлау әрдайым пайдалы бола бермейді.



Көптеген адамдар жалұауланудың не екенін білмейді. Осы тұста «жалқау» деп айтқан кезде, құр нәрсеге алаңдап, уақытты текке өткізу туралы айтылып отыр. Күннің көп бөлігіндегі біздің мақсатымыз — тұрақтанып, күнделікті жасайтын жұмыстарымызға/заттарымызға көңіл бөліп, назар аударып отыру. Бұл, әдетте, кеңседе болған кезде пайдалы. Бұл бізге өнімділік туралы ойлауды дамытып, көп нірсеге қол жеткізуге көмектеседі.



2011 жылы жүргізілген зерттеуге сәйкес, біздің назарымыз тыныштықта болған кезде, (яғни, жалқау немесе жалқаулық кезінде), біздің ақыл-ойымыз адасқан жерлерге болашақ (уаұыттың 48%), қазіргі (28%) және өткен (12%) кіреді. Бұл өте маңызды, өйткені «біз сөзбе-сөз шығармашылықпен айналысып, мәселелерді жақсырақ шеше аламыз»,-деп тапты зерттеушілер. Басұаша айтұанда, адасқан ақыл бізге үш маңызды нәрсені жасауға мүмкіндік береді:



  1. Болашаққа жоспар құрыңыз. Біздің назарымыз бос болған кезде, біз бір нәрсеге назар аударғаннан гөрі болашақты 14 есе жиі ойлаймыз. Сондықтан біз өзіміз де байқамай, ұзақ мерзімді мақсаттарға ой жүгіртіп, ниеттер қоямыз. Жаңа идеялар ұсыныңыз.
  2. Шығармашылық идеяңыз, немесе шешіміңізді соңғы рет есте сақтауға тырысыңыз. Бұл, мүмкін, сіз белгіленген мерзімді еңсеру үшін жарысқан кезде болған жоқ. Мұның орнына сіз ұзақ душ қабылдаған боларсыз, немесе парктегі табиғат көріністерімен рахаттанып орындықта отырған шығарсыз. 
  3. Миды қуаттауға уақыт бөліңіз. Себебі, біздің миымыз тыныш болған кезде, біз ақыл-ой мен физикалық энергияны дұрыс нәрсеге жұмсай алатындай етіп жинаймыз.


Өзіңізге жалқау болуға рұқсат беріңіз.

Мазасыз ойлардан басқа ештеңе біздің өнімділігімізді төмендетпейді. Қазір бізге бұрынғыдан көп жайлы жұмыс пен тыныштық қажет. Сондықтан бос болмай, миға ештеңе жасамауға мүмкіндік беру қажет. Жаңалықтарға көп әуестенбеу керек. Біраз уақыттың құндылығын ұмытып, өзіңізді өнімділік туралы ойдан алшақ ұстауыңыз қажет.



Түйсігіңіздің сізге қажет нәрсені емес, ақылыңыз не қалайды, соған жүгінуге кеңес беремін. Осылайша, белгілі бір уақыттан кейін мидың баяулағанын біле аламыз. Содан кейін серуендеуге барыңыз, NETFLIX-ті қараңыз. Біраз музыка тыңдап, жылы ванна қабылдасаңыз болады. Бұл сіз жасай алатын ең сәтті әрі жемісті істердің бірі болуы мүмкін.





Пікір жазу