17.12.2021
195
Сенбіліктен қашқан бәтіңке көрдіңдер ме?
Қиыншы: «Мен неге жалқаумын?»
Мен комсомол мүшесімін, дән факультетінің І — бөлімінде одақ ұйымдастырушысымын. Бұл қырсықты қойсайшы, сенбіліктен бір ай бұрын менің оңбай оңшыл боп кетуім галошым жоғалған. Күн құрғақ болғанмен, сенбілікке галошсыз бару Қауіпті болды. Былғаныш жұмыс істеп жүргенде галошсыз баруға әсіресе, оң аяғым қол қоймады.
Жолдастардан бос галоштарың болса бер деп түнімен сұрадым, төбеңді көрмегірлердің ешқайсысынан табылсашы, бәрі де галошсыз кетті. Сенбілікте жүргенде тас басып, су кешіп жүреді дейді. Тас, су бәтіңкенің табанын жеп қояды. Ал, жолдастар, сенбілікте тоздырып алсақ, жайшылықта не киеміз!
Мені жалқау қылған осы сұм бәтіңке, қу бәтіңке. Айтқандай, бір ай бұрын жоғалған галош көргендерің бар ма?