16.12.2021
  387


Автор: Қабдеш Жұмаділов

ҚЫЗҒАНЫШ КІМНІҢ ІШІН ТЫРНАП ЖАТЫР?

Мен, әсілі, Несіпбек Айтов сияқтылармен жауап- тасып, өзімді олардың деңгейіне дейіне тө- мендеткім келмейді. Осы жолы да оған жауап


қатпай, елеусіз қоя салайын деп бір оқталдым да, кейбір шолақ ойлы оқырмандар басқаша түсініп қалмау үшін, қолыма еріксіз қалам алдым. Ал, мені бұрыннан білетін сауатты оқырман Несіпбектердің шатағына пысқыр- майды да.


Өткен жолғы мақаламда «енді біздің әдебиетте Ай- товтар мен Досановтар дәуірі басталады» деген едім. Сол сөзді аузыма құдай салған шығар, әлден-ақ солар- дың дәурені жүріп тұр екен. Несіпбектің мақаласын га- зеттер бірінен-бірі көшіріп басып, несін айтасың, мы- сық тілеулі адамдар мәре-сәре болып, жырғап қалды.


«Жас алаштағы» (10-қазан, 2013) мақаланы тымқұрыса араға бір кұн салмай, келесі күні дереу көшіріп баса- тындай («Қазақ әдебиеті» 11-қазан, 2013) не бастарына күн туды?


Несіпбек «Қазақ әдебиетіндегі» мақаласын «Қызған- шақ айғыр құнанын талайды» деп атапты. Алдымен осы «қызғаншақ» деген сөздің басын ашып алайықшы. Қабдеш Жұмаділов Несіпбек Айтовтың жетістіктерін көре алмай қызғанады екен. Өзіне деген қандай зор баға! Неткен мақтаныш!.. Тәңірім-ау, мен сонда Несіп- бектен нені қызғануым керек? Ойын ба, бойын ба, әлде қорадағы қойын ба? Немесе тарихи романдарды оқып алып, батырлардың өмірін судыратып өлеңге айнал- дырған «дастандарын» қызғанам ба? Оның бүкіл жаз- ғандары бір ғана «Соңғы көшке», немесе «Дарабозға» тати ма? Несіпбектің өмірі қолы жетпейтін атақ пен дә- режені мен баяғыда алып болғам. Ал, халықтың маған деген махаббаты мен қалың оқырманның ықыласы өз


 


алдына бір төбе! Айтыңызшы, мен сонда Несіпбектен нені қызғануым керек? «Көкек өз атын өзі шақырады» дегендей, сол қызғаныштың қызыл иті Несіпбектің өз ішін тырнап жатқан жоқ па екен?


Мен әңгімені ұзаққа созбай, арада талас тудырған бірнеше мәселеге ғана қысқаша тоқталып өтейін. Мен Ақтайлақ би туралы роман жазарда Аягөз өлгесін оң- ды-солды шарлап жүріп, ұлы ақын Дулаттың ұмыт бол- ған зиратын қаншалық бейнетпен тапқанымды өз мақа- ламда айтқанмын. Біз онда бейіт басына екі машинамен жеті-сегіз адам барғанбыз. Дулаттың бес қанат үйдің орнындай дөңгелек тас бейіті бір өзекшеде, түйе бой- ламайтын қалың қарағанның ішінде жатыр екен. Мен қасымдағы ауданнан ерген адамдарға келесі жылы Ду- латтың туғанына 200 жыл толатынын, оған дейін мына қалың қарағанды отап, зираттың маңын тазартып қою- ды тапсырдым да, ертеңінде Алматыға қайтып кеттім.


Мен кеткен соң арада жарым ай өткенде Аягөзге өз шаруасымен Несіпбек барып қалады ғой.



  • Не жаңалық бар? – дейді жігіттерге.

  • Жақында Қабдеш Жұмаділов келіп, зерттеушілер таппай жүрген Дулаттың бейітін тауып, басына белгі қойып қайтты, – дейді олар.

  • Дулаттың қабірі қай жерде екен?

  • Ақшатауда...

  • Ол кісі зиратты видиоға түсірді ме? – дейді Несіп- бек.

  • Жоқ, видео әкелмеген сияқты... Олар зиратты тап- қандарына мәз болды.


Міне, дәл осы сәтте іштегі қызғаныштың қызыл иті ұлып қоя береді ғой. Ақшатау мұның ауылы Шұбартау- ға тиіп тұр. Осы уақытқа дейін қалай білмей келген?!


«Онда ол зиратты біз қайтадан тауып, жұртқа елден бұрын жариялайтын боламыз» дейді Несіпбек. Уақыт өткізбей дереу іске кіріседі. Әнекүні маған еріп барған жігіттерге жол бастатып, Ақшатауға барады да, қалың қарағанға бензин шашып өртеп, жалаңаш қалған бейітті видиоға түсіре бастайды...


Мен бұл көріністі үйде отырып, теледидардан көрдім. Өзіме таныс өртенген өзекше, шала жанған қарағанның


 


түбіртегі, күлді-көмеш тас-бейіт. Несіпбек тас бейіттің ішіне түсіп алып, «репортаж» жүргізіп тұр.



  • Міне, құрметті халайық, – дейді көрерменге масат- тана қарап. – Бүгін тарихи күн! Ұлы ақын Дулат Баба- тайұлының бейіті табылған сәт. Міне, маусым айының бәленбайыншы жұлдызы, пәлен сағат – енді мәңгі та- рихта қалады! – дейді білегіндегі сағатына қарап.


Мен шошына жағамда ұстадым. Тоба, мұндай да сұмдық болады екен! Мен Несіпбектің жырынды жыл- постығын білетінмін. Бірақ дәл мынадай ұятсыз деп ойламаппын. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиы- ры» дегендей, бір тәуірі, ұлы ақын Дулаттың жоғалып табылған зираты кімнің кім екенін ашып берді! Мен


«Жас алашта» жариялаған мақаламда осы фактіні ғана айтқанмын. Соған шамданып, дауды ұлғайтқан Несіп- бектің өзі.


Несіпбек маған қарсы жазған мақаласында қолына іліккен кір-қоқыстың бәрін мен жаққа лақтыра беріпті.


«1962-жылғы Шәуешектен ауған қазақ көшін мен бас- тап келдім деп, өзіңізден қаһарман жасамақ болдыңыз» депті бір жерінде. Жарайды, ол көшті мен бастамай-ақ қояын. Сонда кім бастады екен ол көшті? Шекараға таяу Алтай мен Іле аймақтары тырп етпей жатып алғанда, көктемгі көк өзек шықта Тарбағатай аймағы аяқ асты- нан неге дүрк көтерілді? Небәрі жиырма шақты күннің ішінде (10-сәуірден – бірінші мамырға дейін) ұйымдас- қан түрде 200 мыңдай қазақ империя шекарасын бұзып, атажұртқа қалай тез өте шықты?! Көшті ұйымдастыру- шы кім? Көш бастаған серке кім? Ендеше, естеріңізде болсын, ол көшті бастаған – соның алдында Алматыдан оқып қайтқан студент – Қабдеш Жұмаділов болатын. Кремльге көп адамның қолы қойылған хаттар жолдап, Совет Одағынан ұлтқа баспана сұраған да – сол азамат. Мейлі, біреулердің ішін қызғаныштың қызыл иті тыр- най берсін, тарихи фактінің өзі осылай. Бұл жағдай – Қытайдың да, Соевттің де барлау органдары тарапынан анықталып, бекітілген нәрсе. Оған ешкімнің де тұмсық сұғуға қақысы жоқ. Ол – менің ұлт алдында өтелген па- рызым. Азаматтық қызметімнің шырқау шыңы.


 


Несіпбек «көш бастаған көсем көптің алдында жүр- мей ме? Сізді Қажытай Ілиясов шекарадан арқалап өтіпті ғой» депті тағы бір жерінде. Жоқтан өзгені тіл- ге тиек етіп, қалайда менің еңбегімді жоққа шығарғы- сы келеді. Жаманты шекарасының дәл түбінде Қаркі- тат деген шағын өзен бар. 22-сәуір күні кеште қаладан жаяу қашып шыққан Қажытай екеуіміз түнімен жүріп, шекара бойына келсек, әншейінде аттап өтуге болатын жаңағы өзен жаңбырдан соң суы молайып, тасып жа- тыр екен. Амал жоқ, кешіп өтуге тура келді. Қажытай неше күннен бері көш қамымен тыным көрмей шаршап жүрген мені аяды ма, өзі бәтеңкесін шешіп аржаққа лақтырып жіберді де, мені шешіндірмей арқалап өте шықты. Несіпбектің харамдығы сонша, соны әжептәуір сөз қылыпты.


Кеше түнде ғана Қажытай екеуіміздің бір қатерден қалғанымыз бар. Қажытай Үрімжіден келген өлкелік газеттің тілшісі ретінде аймақтық парткомның қора- сында жататын. Ол аймақтық үкіметтің мен бастатқан жеті адамды қолға алуға бұйрық бергенін естиді де, де- реу біздің үйге қарай ұшады ғой. Бұл кезде көш бастал- ғалы жарым айдай болып қалған. Көш 150 шақырым шекара бойында бес жерден үздіксіз өтіп жатты. Мен неше күннен бері ауыл-ауылдың арасында шапқылап әбден титықтап келіп, қаладағы үйімде сәл көз шыры- мын алуға жантайғалы жатқанмын. Бір мезгілде Қажы- тай келді құстай ұшып:



  • Осылай да осылай. Көш бастаушы ретінде бүгін сені ұстамақ. Дереу кетуің керек. Қақпаның алдында күзет тұр! – деді ол асыға тіл қатып.


Содан, не керек, екеуіміз артқы дауалдан секіріп, қа- шып құтылдық қой. Он бес минуттан соң үйге басып кірген полиция біздің орнымызды сипап қалды. Несіп- бектің «ел көшіп жатқанда, сіз үйіңізде шалқайып жа- тыпсыз» деп жала жабатыны осы.


Несіпбек өзі араласпаған, көзімен көрмеген Тоқпа- нов туралы әңгімеге де төрелік айтқысы келеді. Мақ- сат – атаның аруағын қорлаған адамды әспеттеп, мені сүйкімсіз етіп көрсету. Біреулерді маған қарсы айдап салу. «Куәлардың көзі жоғын пайдаланып, абыз ақса-


 


қалға жала жаптыңыз» дегенді айтады... Куә неге жоқ? Менің дәл қасымда отырған Әкім Тарази мен Қалихан Ысқақов әлі жер басып жүр. Еш жазықсыз Тоқпанов- тан сөз естіп, жәбір көрген Тұңғышбай Жаманқұлов та дін аман жүріп жатыр. Бұлардан басқа, сол банкетке қатысқан жүзден астам адамның құрығанда жартысы тірі шығар. Осынша куәның алдында мен қалай өтірік айтпақпын?! Мен «Аруақтың ататыны рас па» атты естелік-эссенің астына «қаз қалпында» деген айдар- ды текке қойған жоқпын. Эсседе оқиғалардың мұрты бүлінбей, сол болған қалпында көрсетілген.


Содан кейін, менің «бауырымның» ұзақ сонар соз қылғаны, өзінің туған жылы мен оқуға қалай түскені жайында. Ол өзінің үш жасын жасырып жүреді екен. Таздың кепешін жұлып алғандай, мен сол құпиясын ашып қойыппын ғой. Несіпбек – өзі айтып жүргендей, 1950-жылы емес, 1947-жылы туғаны айдан анық. Оны білетінім, менің әкем 1948 жылы Айттың үйіндегі қа- рындасы Күлістанды көшіріп әкелгенде, Несіпбек есін біліп қалған, кемінде бір жастағы бала. Күлістанның бауырында өскен ол, бұлар аттанарда шырылдап зор- ға айырылыпты. Ал, 1949-жылы әкем ешқайда шыққан жоқ. Ауыр науқасқа шылдығып, төсек тартып жатты да, сол жылдың аяғында қайтыс болды.


Оның туған жылы біреуге керектей-ақ, Несіпбек соны ұзақ сонар сөз қылады. «Үйіңізге барғанда менің құжаттарымды неге тексердіңіз» деп мені жазғырады. Оны тексеріп жүргенім, оқуға түсуге көмектессеңіз деп біздің үйге келген оқушыға қол ұшын берудің алдында аттестаттағы бағаларын қарайтын әдетім. Ары қарай оқи ала ма, жоқ па, білуім керек қой. Құжаттарын қа- рап отырып, Несіпбекке: «Сен 1947-жылы туған бала- сың ғой. 1950-жылы тудым деп, үш жасты неге бүгіп жүрсің» дегенім содан. Осы жасандылықтан секем алып, іш жиып қалғаным да рас.


Несіпбек оқуға түсуге келгенде «сіздің үйге бір- ақ күн түнедім» депті. Ол дәрігерден анықтама алып, одан комиссияға құжат өткізіп, қашан жатақханадан орын алғанша біздің үйде бірер апта жатқан сияқты еді. Мейлі, ол жағын ар-ұятына тапсырдым.


 


Ал оны сол жылы филология факультетінде қабылдау емтиханын алатын М. Мағауин, Р. Нұрғалиев, тағы бас- қа мұғалімдерге қалай тапсырғаным күні бүгінге дейін көз алдымды. Мен мұны айтқанда, Несіпбекті оқуға түсіргеніме мақтанғалы отырған жоқпын. Керісінше, болашақ сарай ақынына, әдебиеттегі тағы бір жағым- паз, жылпосқа жол ашып бергеніме өкініп отырмын.


Ең үлкен өкініш: жас ұлғая келе (Несіпбек қазір 67 жаста) менің «бауырыма» аздаған адамгершілік, ішкі мәдениет, адалдық, сыпайылық, тағы басқа кісілік қа- сиеттер жұқты ма десем, ол жағынан әлі де тақыр-таза екен. Данышпан Куңзі (Конфуций) осыдан 25 ғасыр бұ- рын: «адамды екі қайтара сынаудың қажеті жоқ. Өйт- кені адам табиғаты өзгермейді» деп қалай тауып айт- қан. Көріп отырғаным – сол баяғы бас пайдасын ғана көздейтін өзімшілдік, пысықай жылпостық, тоқішегі қысқа тоғышарлық, ішіне шынашақ айналмайтын қыз- ғаншақтық... Мен Несіпбектің айналасындағы жас әде- биетшілердің барынша сақ болуын қалар едім. Өйткені, менің «бауырым» аман болса, әлі талайды қан қақса- тып, сан соқтырып кетерінде кумән жоқ.





Пікір жазу