ЖАЛҒАН АТАҚ, АРЗАН АБЫРОЙ
Бір жылдары менің маңайымда одан-бұдан құ- ралған дос-жаран, ағайын-туыс, таныс-біліс дегендер көп болушы еді. Шүкір, қазір солар бұрыңғыдай емес, сейілді. Біреулер өздеріне лайық өз- геше жолға түсті. Біреулер мені керек кезінде пайдала- нып, аларын алған соң қарасын батырды. Енді біреулер
«жетіскен қыз төркінін танымастың» кебін киді. Кейбір арамдарын өзім аластадым. Осылайша, бірі келіп, бірі кетіп жатқан дүние. «Жолдастың жүзін қайта алдым жиып, айрылсам ала көңіл он досымнан» деп Қасым Аманжолов айтқандай, әйтеуір, төңірегім топырдан құр болған жоқ.
Солардың бірі – бұл күнде белгілі ақындар қатарын- да айтылатын Несіпбек Айтов. Сонау алпысыншы жыл- дардың аяғында біздің үйге бір шарға бойлы балаң жігіт келді. Бала деуге де, жігіт деуге де келетін тоқтының асығындай томпиған біреу. Семей облысының Шұбар- тау ауданынан келіпті. Қолында менімен университетте бірге оқыған, сол тұста әлдеқалай төмендеп, аудандық газетте жүрген Төлеубек Жақыпбаевтың бір жапырақ хаты бар. «Мына Несіпбек деген жас талап Алматыға оқуға түсем деп бара жатыр. Бұл өзі кішкене болған- мен мішкене бала (Төлеубектің өз сөзі). Өзі бөтен емес, өзіңнің бауырың. Мүмкіндігің болса, осыған қол ұшын беріп, оқуға түсіріп жібер» депті Төлеубек.
Жөн сұраса келгенде, Несіпбек 1962-жылғы көшпен бірге Шәуешек маңынын келген біздің елдің адамы бо- лып шықты. Руы – төртуыл, оның ішінде сүйіндік-жау- ғаш. Сол жақтан бастауыш мектеп бітіріп келіп, қалған сыныптарды Шұбартауда оқыған. Құжаттарында 1950- жылы туған делініп жүр екен.
- Ау, сенің үш жасты бүгіп жүргенің қалай? Сен – әсілі, 1947-жылы туған бала емессің бе, – дедім мен
оның бетіне таңдана қарап. Осының өзінен әлдебір жа- сандылықты сезіп, секем алып қалдым.
- Менің арада оқымай қалған жылдарым бар еді. Аттестат алу үшін паспортты солай тураладық, – деді Несіпбек, мен ұрлығының үстінен түскендей қипақтап. Олай дейтінім, мен Несіпбектің атасы Айтты да, әкесі Тұрысбекті де сырттай білетінмін. Бізден түстік жер- де, Абдырада тұратын Айт бәйбішесі өлген соң, менің әкемнің жесір отырған Күлістан деген қарындасына үй- ленген. Кейін Айт та қайтыс болып, 1948-жылы әкем Күлістанды көшіріп әкелгенде, Несіпбек бір жастан асқан бала. «Айттың бір немересі Күлістанның бауы- рында екен. Біз аттанарда шырылдап әрең айрылды» деген әке сөзі есімде. Бұл сөзді Несіпбектің өзі де рас- тап, «мен – Күлістан апамның баласымын» деп, жиен
ретінде іші-бауырымызға еніп алды.
Содан, не керек, Несіпбектің жолы болды. Оның ба- ғына қарай, сол жылы ҚазМУ-дың филология факуль- тетіне қабылдау емтиханын алатындар – кілең мен тани- тын, сөзім өтетін адамдар болып шықты. Ол жылдары пара алу әлі белең ала қоймаған, бірақ бет-бедел өтетін кез. Сонымен, жасырын блокноттарда «Жұмаділовтың жиені» боп тізімделген Несіпбек оқуға түсті де кетті.
Ол оқу бітірген соң, «Балдырған» журналына орна- ласу үшін, Мұзафар ағамызға ғана өтініш айтқаным есімде. Одан ары Несіпбек өз жолын өзі тауып кетті. Өзі тым пысық-ақ. Ешкіні апа, текені жезде деп жүріп, қатарынан қалмай біраз жерге шапты. Бойында талант жоқ деп айта алмайсың. Қазақтың байырғы тілін өз қа- тарынан гөрі жақсы біледі. Тек бір нәрсе ғана күдік ту- дыратын. Талант пен жылпостық бір қазанға симаушы еді. Несіпбектің сол екеуін қалай тең ұстап жүргеніне таңданатын едім.
Мен текке күдіктенбеген екенмін. Ақыры Несіп- бекпен ара қатынасымыз осыдан он жыл бұрын шорт үзілді. Несіпбекті адамшылық жолдан тайдырып, жарға жыққан – сол өзінің жылпостығы. Қашанғы әдетінше, сол жолы да басқа біреудің есебінен жалған атақ, арзан абыройға жете қоймақ болды.
2001-жылы мен XVIII–XIX ғасыр аралығында өмір сүрген Ақтайлақ бидің өмірінен роман жазбақ болып, Аягөз өлкесін армансыз араладым. Сыбан елінің жай- лауы мен қыстауы, көктеуі мен күзеуі, атақты адам- дардың күмбезі мен ескі зираттары көзден таса қал- ған жоқ. Өлкенің батысынан – шығысына, терістігінен
- түстігіне қарай, екі машинамен үздіксіз жортып, бір аптаның ішінде мың жарым шақырым жол басыппын. Қашанда кесек бір шығарма жазарда сол өлкенің тау- тасын, өзен-көлін, қылаяғы өсетін шөбіне дейін көзден кешіріп, зерттеп алатын әдетім. Жол бастаушым – Ақ- тайлақ бидің алтыншы ұрпағы, белгілі дәрігер Мұхтар Айтқазыұлы мен осы өңірді бес саусағындай білетін, сексен сегіз жастағы белгілі шежіреші Ғабділхамет ақсақал. Сапарым өте сәтті болды. Мен көңілге алған дүниелерімді түгел дерлік қағазға түсірдім де, Алматы- ға оралған соң Ақтайлақ би туралы «Прометей алауы» атты роман жазуға кірістім.
Әлқиса, енді өз тақырыбымызға оралайық. Осы са- парда мен ойламаған жерден тағы бір үлкен олжаның үстінен түстім. «Бір жоқты бір жоқ табады» деген рас. Ақтайлақ әулетінің кесене-зираттарын аралап жүрген- де, бүгінге дейін белгісіз боп келген, дұрысы кейінгі ұр- пақ көз жазып қалған ұлы ақын Дулат Бабатайұлының зираты туралы дерек құлағыма шалынды. Дулат – Ақ- тайлақ бидің аталас інісі, Кезінде Абайға ұстаз болған ұлы ақын. Қайтыс болғанына 130 жыл болған ақынның басына ұрпақтары сол кездің үлгісімен зират тұрғызып, құран бағыштап жүргенімен, кейін ел ауып, қоныс өз- герген кезде бәрі естен шығып ұмытылған.Әсіресе Ду- латты «Зар заман ақыны» деп қаралаған Совет дәуірін- де туыстары оның басына бармақ түгіл, атын атауға қорқатын болған.
Мына қызықты қараңыз, мен барған кезде Аягөз өңірінде Дулаттың жатқан жерін білетін екі-ақ адам қалыпты. Тіпті, екеу емес, біреу десе де болады. Оның бірі – ақынға немере туыс боп келетін, сол жылы жасы 95-ке толған Шәрбану Асқарқызы. Ол кісі қазір жүріс- тұрыстан қалған, көзі ештеңе көрмейтін халде екен. Қысқасы, бізге жол көрсетуге шамасы жоқ. Алайда,
реттеуші құдірет бұл тығырықтан да шығатын жол қалдырыпты. Шәрбану апамыз осыдан он жыл бұрын, күш-қуатының барында Дулат бабасының зиратын бір адамға көрсеткен екен. Ол кім дейсіз ғой? Ол – әнекүн- нен бері бізге жолбасшы боп жүрген Ғабділахмет Шә- керұлы. Жасы тоқсанға таяған бұл кісі де жүріс-тұрыс- тан қалған, көз жанары сау, санасы сайрап тұрғанмен екі аяғы бастырмайды. Біздің жол сапарымыз кезінде ақсақалды екі жігіт машинаға көтеріп мінгізіп, көтеріп түсіріп отырады.
Орайы келіп тұрғанда айта кетейін, осы Ғабділах- мет Шәкерұлына Аягөз жұртшылығы ғана емес, иісі қазақ түгел қарыздар. Отызыншы жылдары Советтік белсенділер күн көрсетпейтін болған соң, арғы тегі – баяғыда Ақтайлақ би Түркістаннан алдыратын қожа – Шәкер әулиенің ұрпақтары да шекара асып кеткен ғой. Сол көштің ішінде Семейдегі педтекникомды Қайым Мұхаметхановпен бірге оқыған он сегіз жасар Ғабді- лахмет те бар еді. Ол Шәуешек аймағына барған соң мұғалім болды, аудандық оқу бөлімін басқарды. Бірақ оның негізгі еңбегі бұл емес. Ғабділахметтің баға жет- пес құнды еңбегі – киіз қапшыққа салған Ақтайлақтың, Дулаттың, Әріптің шығармалырын жоғалтпай қытай жеріне арқалап барып, шерік ғасырдан соң қайта арқа- лап келуінде... Енді, міне, тірі қалған жалғыз куә ретін- де, Дулаттың жатқан жерін жол бастап келеді...
Біз Аягөзден алпыс шақырым жердегі Дулаттың ба- сына екі машинамен алты-жеті адам болып бардық. Қасымда Ғабділахметтен басқа бір кезде совхоз басқар- ған ел ағасы Қайыртай Қажығұлов, аудандық мәдениет бөлімінің бастығы Ақаш Көксегенов, тағы басқа жігіт- тер бар. Алдыңғы машинада шопырдың қасында отырға Ғабділахмет ақсақал тау арасындағы соқпақ жолдармен жаңылмай жүріп отырып, зираттың дәл үстінен түсірді. Жаңсақтық болуы мүмкін емес, «Ілебайдың қызыл аға- шы» деп аталатын бұл жер бір көрген адамның есінде қалатын сулы да нулы, кең қоныс екен. Кезінде «Ақша- тау» совхозының жайлауы болған. Ілебай мен Дулат- тың әкесі Бабатай бірге туысады. Ал, зираттан екі-үш жүз қадамдай жерде Бабатай қыстауының орны жатыр.
Шығыс жағында небәрі елу қадамдай жерде Шәрбану- дың әкесі Асқардың қыштан соғылған бейіті тұр. Шәр- бану апай осы бертінге дейін әкесі Асқар мен бабасы Дулаттың басына құран бағыштап үнемі келіп тұрған.
Дулаттың зираты дәл қасына келгенше көзге түс- пейтін өзекшенің ішінде екен. Оның үстіне зираттың іші-сыртын түйе бойламайтын қалың қараған басып кетіпті. Жуандығы білектей мұндай жаныс қараған- ды көргенім осы. Соңғы қырық-елу жылда адам аяғы баспағаны көрініп тұр. Біз өздігінен жүре алмайтын Ғабділахмет ақсақалды машинада қалдырдық та, бас- қаларымыз беті-қолымызды тырнатып, зираттың қасы- на барып, тас-дуалдың үстіне шықтық. Аумағы алты қанат үйдей дөңгелек тас бейіт. Кілең жалпақ тастар- дан қиуластыра қалаған. Кезінде дуалының биіктігі кісі бойынан асқан шығар, кейін шөп басып, құм құйылып аласарған. Қазір белуардан ғана келеді.
Әрине, Дулат мұнда жалғыз жатқан жоқ, қасында өрен-жараны, отбасы мүшелері болуы да мүмкін. Алай- да, ақынның қабірі дәл қай тұста деп енді бас қатыру- дың қажеті жоқ. Дулаттың қабірі деген осы. Болашақ кесене осы тас бейіттің үстіне орнауы керек. Мен белгі болсын деп, дөң басында жатқан ат басындай ақ тасты жігіттерге көтертіп, зираттың күнбатыс жағына қойғыз- дым да, ауданнан ере келген азаматтарға:
- Келер жылы ұлы ақын Дулат Бабатайұлының туға- нына 200 жыл толады. Мүшел тойға жан-жақтан сыйлы қонақтар келуі мүмкін. Оған дейін ақынның басына ке- сене тұрғызып үлгіресіңдер ме, жоқ па, бірақ таяу ара- да мына қалың қарағанды отап, зиратқа келетін жолды тазартып қойыңдар! – деп тапсырдым.
Ол кезде осы сапарымызды таспаға түсіру ойымыз- да болмапты. Әлдеқашан көзден де, көңілден де өше бастаған Дулаттың жатқан жерін тапқанымызға мәз бо- лыппыз. Бұрын бұл зиратты жалғыз Ғабділахмет кәрія ғана білсе, енді оны жеті-сегіз адам біледі. Ақын қабірі енді ешқашан жоғалмайды дегенбіз.
Мен жол сапарын аяқтап, Алматыға оралған соң, ара- да жарым айдай уақыт өтті ме, өтпеді ме, бір күні кеш- ке таман теледидардан соңғы хабарлар көріп отыр едім,
кенет өз көзіме өзім сенбей аңырадым да қалдым. Тоба, мұндай да сұмдық болады екен. Өзіме таныс әнекүнгі Дулат қабірінің басында бір топ адам тұр. Араларын- да анада бізбен еріп барған Ақаш Көксегенов, тағы бі- реулер жүр. Зираттың іші-сыртындағы қалың қараған- ды бензин шашып өртеген секілді. Айнала шашылған күл, қарағанның шала жанған түбірлері, күлді-көмеш тас бейіт. Түйе бойы қараған тоғайы жанып біткенше тас бейіт қызара балқып, астындағы адам сүйегі қандай халге ұшырағанын бір құдайдың өзі білсін.
Бәрінен де сұмдығы, күлге оранған бейіттің ішіне түсіп алып, Тұрқы бір жарым метрден аспайтын, ала- са бойлы бір адам сөйлеп тұр. Кім дейсіз ғой? Баяғыда өзім оқуға түсірген, одан кейін де талай шарапатым ти- ген, өзімнің рулас інім Несіпбек Айтов. Облыстық те- ледидардан тілші шақырса керек. Енді, міне, өзі тапқан сенсациялық жаңалығын дүйім дүниеге жарияламақ.
- Ағайындар, бүгін осы уақытқа дейін таптырмай келген Дулаттың қабірі табылған тарихи күн! – дейді білегіндегі сағатына қарап қойып, – Міне, 2001-жылы, маусым айының бәленбайыншы күні, сағат он екіден жиырма минөт өткен, дәл осы сәт мәңгі тарихта қалуға тиіс.
Мен шошына жағамды ұстадым. Ойпырай, мынау не деген өлермендік?! Неткен бетсіздік?! Миллиондардың алдында беті бүлк етпей қалай өтірік айтуға болады? Егер ол «осыдан бір ай бұрын жазушы Қабдеш Жұ- маділов Аягөзге келіп, Дулаттың қабірін тауып, басы- на белгі қойып кеткен екен. Бүгін сол кісінің ізімен біз келіп тұрмыз» десе, аузына күйдіргі шыға ма? Және ақынның зиратын кімнің тапқанына бүкіл Аягөз жұрты куә ғой. Сонан соң ұлы аруақтың жатқан жерін өртеу- ге қалай дәті барды? Несіпбектің бұл қылығына ақын ұрпақтары ғана емес, бүкіл Аягөз жұрты наразы болды. Кейін біреулер оған арнап: «Бейітін өртеп Дулаттың, Аягөзді шулаттың» деп сықақ өлең де жазды.
Келесі жылы Аягөзде Дулат Бабатайұлының 200 жылдық мүшелтойы өтті. Өртенген бейіттің орнына ақ селикат кірпіштен кесене тұрғызылған екен. Сол кез-
дегі мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхамет екеуіміз қатар тұрып, кесененің лентасын қидық.
Аягөздегі салтанатты жиында Несіпбек сөз сұ- рап алып, көптің алдында менен кешірім сұрады.
«Кінәлімін, сабасаңыз арқам міне» деп жонын төсеген болды. Бірақ, көңілімнің қалғаны сонша, мен онысы- на жібіген жоқпын. Кешірмедім де. Өйткені адамның ниет-пиғылы тілінде емес, ділінде, жүрегінде жатады ғой. Несіпбек бірнеше айдың ішінде өзгере қалды деп ойламаймын. Сатқындық, опасыздық, біреудің табы- сын пайдалана қоятын харамдық оның қанында бар. Ол енді өмір бойы солай өтеді. Қытай ойшылы Куңзының (Конфуций) «Адамды екі қайтара сынаудың қажеті жоқ. Өйткені адам табиғаты өзгермейді. Өмір қыс- қа» деген аталы сөз бар. Мен де Несіпбекті қайта сынап жатпадым.
Бертінде Несіпбек Астанаға көшіп барып, өзі сияқ- ты жылпостардың қатарына қосылды. «Тарысы піс- кен үйдің тауығына» айналатын сол баяғы мінез. Күт- кеніміздей-ақ, аз жылда сарай ақыны боп шыға келді.
«Бәйтеректен» бастап, Астананың бұлың-бұшпағын жырлаумен келеді. Мәртебелі ұлықтардың ата-баба- сы жайында дастан жазады. Таяуда, бір кезде «Ғасыр халтуршигі» атанған Сәбит Досанов екеуі Мемлекеттік сыйлық алды деп естідім. Мен оған түк те таңданғам жоқ. Заманына қарай адамы. Демек, біздің әдебиетте Досановтар, Айтовтар дәуірі басталды деген сөз.
2013 – шілде.