16.12.2021
  1129


Автор: Қабдеш Жұмаділов

АЖАЛДАН ҚАШҚАН ПЕРІШТЕ

Оспановтар отбасына бір үлкен уайымның ілік- кеніне де бірнеше айдың жүзі болды. Жәй уайым емес, бас қатырар, қабырға қайыстырар ауыр


қайғы. Осы үйдің келіні Балхадишаның бойына үшінші перзент қалай бітті, солай бұлардың бастарына қара бұлт үйрілген. Қалыпты жағдай болса, бұл өзі – қайғы емес, қуанатын нәрсе ғой. Қазақтың баяғы заманы бас- та тұрса мұндайда ағайын-туысты жинап «қарын той» жасап та жіберер еді. Амал не, бұл күнде болашақ сә- бидің қуанышы айықпас қайғыға айналып отыр.


Неге олай дерің бар ма, соңғы жылдарда шыққан бұл елдің заңы солай. Аспан асты біздікі дейтін астамшыл мемлекет өздері де байқамай, халқының санын мил- лиярдтан асырып жіберіпті ғой. Енді тізгінді тежеме- се болмайды. Туатын баланың санына шек қою керек. Мемлекет бойынша қытай отбасына бір бала, қазақ сияқты аз ұлттарға екі бала. Одан асырсаң басыңа пәле тілеп алғаның: қомақты айып төлейсің, қызметіңнен қуыласың. Күнкөрістен қағылып қана қоймай, саясатқа қарсы адам ретінде әр алуан тергеу-тексеруден өткізіп, ит терісін басыңа қаптайды.


Ұрпақ қамы үшін бұл отбасы оған да көнуге бар еді. Бірақ бұлардың соған қолы жетпей отыр ғой. Бұларды одан да қатал жаза күтіп тұр. Үшінші баланы қайткен күнде де жарық дүниеге әкелмеу керек екен. Бұл елде оның амал-айласы көп-ақ: түсік тастатады, одан уағы өтіп кетсе, анасының ішінен жарып алады. Екі қабат әйелдер ерекше тізімде. Жасыру мүмкін емес, жас әйел- дерді ай сайын келіп, тексеріп тұрады. Болашақ сәбидің көзін құртқанша, полиция мен акушер дәрігерлерде ты- ным жоқ.


 


Не керек, осы заң алғаш шыққаннан бері медиктер жас нәрестелерді қынадай қырды ғой. Алдымен пышақ- қа түсетін – бұрын мұндайды көрмеген, сақтануды да білмейтін қазақ әйелдері. Ата-анадан, күйеуінен рұқсат сұрау жоқ. Ауыл әйелдерін арбаға тиеп алып кетеді де, екі-үш күннен соң білгенін істеп қайтарады. Ал бұған дейін көп құрсақ көтеріп, жатыры жұқарған әйелдер мұндайды көтере алмай өліп кетеді екен. Оған жауап- кер болатын ешкім жоқ. Алла-ай, анасынан жарып ал- ған, не зорлап босандырған сәбилер іштен шырқырап, жылап түседі дейді. Бірақ оларға да рақым жоқ, шара- насы кеппеген күйі шұқырға тастай салады. Қытайда бір науқан басталса, оны қостайтын белсенділері де дайын тұрады. Ұранға үн қосып, өзін піштірген еркек- тер мен жатырын будырып тастаған әйелдер қаншама. Оралбай піштірілген бір еркекті өз көзімен көрді. Әтек- ке айналған еркектің рухы сөніп, еңсесі мүлде түсіп ке- теді екен...


Осындайларды естіп-біліп, көріп жүрген Оралбай қарт келіні Балхадиша ауыр аяқты дегенді ести салысы- мен, қалада тұратын ұл мен келінді бастауышта оқитын екі қызымен бірге ауылға көшіріп алған. Ауылы алыс емес-ті, Шәуешектен он шақырымдай жердегі Жалғы- зағашта. Баласы Қабдірақым содан бері, амал жоқ, қа- ладағы қызметіне екі аяқты мотосекілін дырылдатып, ауылдан қатынап жүр.


Оралбайдың ойы іске асса, келінін ауылда босанды- рып, немересін ешкімнің көзіне түсірмей сіңіріп әкет- пек. Жеке қожалығы бар, аумақты қоражайда өздері ғана тұрады. Кейін бала мәселесі сөз болса, «Құдай, жарылқап, бәйбішемнің өзі туып алды» дей салмақ.


Апырай, бұл қазаққа төнген зауалдың алды-арты бола ма, жоқ па?! Ана бір жылдары, «халық коммуна- сы» кезінде үй басы түтін шығартпай, ортақ қазанға телміртіп, бір қорлап еді, мынасы одан да өтіп кетті. Әйтпесе, ұрлық қылған адамша өз балаңды ел көзінен жасырып, ұрлап тудырды деген не сұмдық?! Болашақ ұрпақ жарық дүниеге келмей жатып пышаққа түсетін- дей, ол нәрестелердің жазығы не? Бұл елде көп болса, қытай көп шығар, Шыңжаңдағы бір миллион қазақ


 


кімнің қазанына түсіпті? Кімнен тамақ сұрапты? Қайта, сол ішкерідегі қалың қытайды осы ел етпен, астықпен қамдап отырған жоқ па?


Өз басы жетпеген соң, университет бітірген оқымыс- ты ұлы Қабдірақымнан сұрайды ғой. Ол да ызадан жа- рыла жаздап жүрсе керек, жауабы тым қапалы әрі қыс- қа болды:



  • Ой, көке, бұл елде миллиярдтан астам халық барын жаңа біліп жүрсің бе? Сондықтан бізде адамның бағасы тым арзан! – дейді, түр-тұлғасы әкесінен аумай қалған, отыздың ішіндегі жас жігіт. – Мәселен, кассада мың- миллиярд доллары бар бай адам бір теңгені ақша деп санай ма, бұл да сол сияқты. Қытайда адам көп, жер тапшы, дүниеге артық ауызды әкелгісі келмейді.

  • Ендеше, өз қытайын шектей берсін, қазақта несі бар? – дейді ұлының жауабына көңілі толмаған Орал- бай. – Менің немерем Қытайдың ырысын іше ме?

  • Не істейсің, заң жұрттың бәріне ортақ.


Әсілі, Оралбайдың тұрмыс-күйі жаман емес-ті. Ана жылы осы маңайдағы қалың төртуыл Қазақстанға қо- парыла көшкенде, бұл Үрімжіде оқитын жалғыз ұлына қарайлап, өз қыстауынан қозғалмай қалып қойған-ды. Елден айрылып, құлазып қалғаны болмаса, мұндағы тірлігі жаман болған жоқ. Алды-артына қарамай асы- ғыс көшкен елдің жұртында көп мал, дүние-мүлік қал- мады ма, сол иен қалған дүниеден біраз дәулет жинап алған. Кейін реформа тұсында өз алдына жеке қожалық құрып, дөңгеленіп байып алды... Байлықты қойшы, тәйірі, дүние – қолдың кірі. Ендігі арманы – сол дүние- ге ие болатын мұрагер немере сүю. Шүкір, қолдары құр емес, Қабдірақымның үйелмелі-сүйелмелі екі кішкен- тай қызы бар. Үлкені – бесіншіде, кішісі – үшіншіде оқиды. Алайда, қыз бала – жат-жұрттық қой. Әзірше сенің балаң болғанымен, кейін өз өрісін тауып кетеді... Дегенмен, Алла-Тағала осы жолы Оралбайдың тілегін беретін сияқты. Жақында Қабдірақым келіншегін қала- дағы таныс дәрігеріне ертіп барып, узиге түсірген екен, іште қошқардай ұл жатқан көрінеді. Тәңірім-ай, кіш- кентай шүметайы әлден-ақ көрініп тұр дейді.


 


Соны естігендегі Оралбайдың қуанышын айтып-сұ- рама! Дереу бір ақсарбасын айтып сойып, бірүйлі жан кіші-гірім той жасаған... Бірақ осыдан кейін-ақ Оре- кеңнен маза кетті. Енді ол болашақ немеренің өмірін сақтап қалудың әралуан жолдарын ойластыра бастаған. Бір інісі мен қарындасы ана жылғы «көшпен» бірге Қазақстанға өтіп кеткен. Анда-санда хат келіп тұрады. Айтыстарына қарағанда, шекарадан тым алыстап кет- пей, мына тұрған Үріжарға қоныстанған көрінеді. Енді, міне, олардың да бір кәдеге жарайтын кезі келді. Орал- бай шамасы келсе, келіннің айы-күні жеткенше, ұл мен екеуін арғыбетке асырып жібермек. Сол үшін, Қабдіра- қымға өзі айтып отырып, туыстарына хат жаздырды. Солар «жедел түрде Балхадиша мен Қабдірақымға ша- қырту қағаз жіберсін» деген. Екеуі аман-есен арғыбет асып, Оралбайдың немересі атажұртқа барып тусын- шы! Бәләм, қытайлар не істей алар екен?!


Содан бері де екі-үш айдың жүзі болды. «Шақырту» деген пәлесі келмей жатыр. Сақтық үшін туыстарына ұл мен келіннің жедел жолаушылау себебін ашық айт- паған-ды. Ондағылар арқаларын кеңге салып, «күз- ге дейін бір келер» деп отыр ма, кім білсін. Ал таяуда жазған хаттарында «бұрынғыдай емес, қазақ өкіметі


«шақырту» алуды қиындатып жіберді. Бір кісіміз Ас- тана жақта сол қағаздың соңында жүр» депті. «Ашқа тартқан – кешке тартады» деген осы да... Оралбайдың ойынша, сондағы қазақ өкіметі шеттегі қандастарына салғырт қарайтын сияқты ма, қалай? Ана жылы баланы шектеу заңы шығып, қытайлар іштегі нәрестені шеті- нен қырып жатқанда, «Қазақстан өкіметі қазақ салтына, әрі адамшылыққа қарсы бұл заңға наразылық білдіріп, өз қандастарына ара түседі екен» деген бір дақпырт сөз шыққан-ды. Бірақ ол үміт ақталмады. Шыңжаңдағы бір миллион қазақтың жас төлін қытайлар көктей орып жатқанда, бір ауыз сөз айтуға жарамады ғой.


«Қаупің неден болса – ажалың содан» деген ғой. Сөйтіп жүргенде, Оралбай отбасына аяқастынан қауіп төніп, іс шатаққа айналды. Қанша жасырғанмен, бұл күнде кімнің аузына қақпақ боласың. Оралбайдың да өзіне жетерлік бақкүндес, қаскөйлері бар болатын. Бар


 


болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бөліп бере алмай- тын сол баяғы қазақ. Қаланың бергі Қарадөң жақ шетін- де бір алыпсатар танысы болушы еді. Таныс болғанда, ит қасынысқандай, сауда-саттық байланыс. Бір күні


«көкке шыққанды» сылтауратып, қасына әйелін ертіп, сол келе қалыпты. Оралбай сыр алдырмай, етін асып, арағын құйып, күтіп аттандырған. Олар айы-күні жетіп отырған Балхадишаны көрді, әрине. Үшінші баланың заңнан тыс екенін де іштеріне түйіп қойды... Не керек, солар аттанып кеткен соң, арада екі-үш күн өтпей, қала жақтан бір топ адам сау ете түсті ғой... Сөйтсе, әлгі алыпсатар тыңшы көрінеді. Қытайда ежелден бері келе жатқан «Баужа тәртібі» бойынша, әр он үйге бір тыңшы қойылатын бір тұтас жүйе бар-тұғын. Сірә, сол жүйе әлі де жұмыс істейтін болса керек.


Келгендер – екі қытай, бір қазақ. Үштің бірі – әйел екен. Олар тақ бір ұрыны қылмыс үстінде ұстағандай қаһарына міне келді. Қалалық туыт бақылау комитеті- нен келдік дейді. Ұрсу-зеку, қорлау өз алдына, Балха- дишаны дереу қалаға апарып, ішіндегі баласын жарып алмақ. Бейне, баланың иесі солар сияқты. Қабдірақым қаладағы жұмысында болатын. Оралбай қазіргі саясат- ты да, мыналардан құтылу оңай болмасын да біліп тұр. Алайда, жорта білместікке салынып, ауылдың оқыма- ған, қараңғы шалының кейпіне кіріп алды.



  • Ау, сендердің қандай қақыларың бар менің неме- ремде? – деген дауысын көтере кіжініп. – Менің келінім қанша бала туса да өз еркі емес пе?


Мұның айтқан сөзін тілмәш қазақ қытайшаға ауда- рып, сонан соң олардың сөзін бұған қазақша түсіндір- генше біраз уақыт өтті. Сол баяғы мың рет естіген жа- рапазан. Мемлекет саясаты, ұлттар теңдігі... Оралбай бәрін біліп тұрса да, өп-өтірік түсінбестікке салып тұр.



  • Өзге жұртты не қылсаң да өзің біл, менің немерем- де шаруаларың болмасын. Мен балаларымды өзім ба- ғып-қағамын. Өкіметтен көк тиін көмек сұрамаймын. Отбасын асырауға малым да, жерім де жетеді! – деп қа- сарып тұрып алды.


 


Бұл аралықта дәрігер әйел Балхадишаны оңаша бөл- меге апарып, тексеріп жатқан. Бір уақытта далаға шы- ғып:



  • Іштегі нәрестеге – жеті ай. Босануына әлі екі ай уа- қыт бар, – деді топ бастығына баяндап.

  • Бәрібір анасын қалаға әкету керек! Баланы жарып алғаннан басқа амал жоқ, – деді орсақ тіс қытай дәрігері қатулана сөйлеп.


Бұл кезде енесі Айтбүбімен қолтықтасып, Балхади- ша да далаға шыққан. Бәденді жас әйелдер екі қабат кезінде толысып, тіпті әдеміленіп кетеді ғой. Балхади- шаның да сондай бір нұрлана толықсып тұрған шағы еді. Тек, қарақат көздерінде қорқыныш аралас үрей бар. Тәңірім-ай, екі қабат әйелге «ішіңдегі балаңды жарып алам» деп, тап-тап бергенді кім көрген? Мұндай да зор- лық болады екен?!



  • Қабдірақымға телефон соқтым, ол да келіп қалар, – деді Балхадиша атасының қасына келіп.

  • Қорықпа, балам, мен тірі тұрғанда ешкім де сені бұл жерден әкете алмайды! – деді Оралбай әлденеге тас бекініп. Сонан соң дәрігерлерге бұрылған. – Былай іс- тейік: сендер осы баланың орнына маған айып салсаң- дар қайтеді? Бір бала қанша тұрады өзі? Екі есе бағасын төлеп, сатып алайын! – деген шын ниетімен.


Оның сөзін аударма арқылы ұғынған қытай дәрігері бірден бас тартты. Алдымен қазақ шалының қараңғы- лығына үшеуі қарқылдап күлісіп алды.



  • Жоқ, болмайд! – деді топ бастығы түсін суыта, ба- сын шайқап. – Баланы сатады, біздікі бас кетеді. Ондай заң жоқ.


Осы мезетте қала жақтан мотосекілін дырылдатып, Қабдірақым да жетіп еді. Оған да оңай дейсің бе, өң- түсі қашып, құр сүлдері тұр.



  • Сен мыналармен өз тілінде сөйлесші, – деді Орал- бай баласына жігер бере сөйлеп. – Келінді қалаға апа- рып, жеті айлық баланы жарып алмақ... Өздері мынаған көне ме екен? Балхадиша осында аман-есен босансын. Сонан соң баланы қайда әкетсе де өздері білсін.


Қабдірақым дәрігерлермен қытайша балдырласып, недәуір ұзақ сөйлесті. Әйелінің баланы жарып алудан


 


қорқатынын, соған байланысты әкесінің өтінішін ай- тып жатса керек. Осылайша, екі жақ біраз ырғасқан соң, ақыры дәрігерлер әйелді үйде босандыруға мақұл болды. Аттанарда топ бастығы Оралбайға бұрылып:



  • Ақсақал, сіздің сұрауыңыз бойынша, келініңізді үйде босандыруға келістік. Бірақ оған дейін сіздер жақ- тан мала-матан болмасын. Туатын күні жақындағанда, біз қаладан дәрігер жібереміз! – деді қысық көзі қитар- лана, түсін суытып.


Сонымен, қаладан келген жаналғыштар аттанып кеткен. Алқымнан алып, қысқаштай қысқан рақымсыз қолдан босанғандай, үй иелері аз да болса тыныстап қалды.



  • Шал-ау, не білген ойың бар? Көзге көрінген соң ол


«күшікті» көзің қиып, өкіметке қалай бере салмақсың?



  • деді манадан бері сөзге араласпай үнсіз тұрған Орал- байдың бәйбішесі Айтбүбі.

    • Шұрқ етпе, бәйбіше! Бала олардың қолына ти- мейді... Ол туралы менің бір ойым бар, – деді Оралбай сол түнерген қалпы, артық сөзге бармай.




Бұл, анығын айтқанда, «балта көтерілгенше, дөңбек жол табады» дегеннің кері еді. Алдан күткен рақымсыз апатты бір күн де болса созу. Рас, Оралбайдың көңілінде түрлі-түрлі жоспар бар. Оның қайсысы жүзеге асарын бір құдайдың өзі білсін. Басы айналып, мыйы шатыса берген соң, бір мезет ауыр ойдан сейілгісі келіп, атын ерттеп мінді де, егін арасындағы суыртпақ жолдармен жоғары тау бөктеріне қарай жүріп кетті.


«Ойпыр-ай, мұндай да зорлық болады екен! – дейді ой-қиялы бәрібір ұрпақ мәселесінен алыстамай. – Бұл өкімет малды алды, жерді алды, енді сенің үй-ішіңе билік жүргізбек пе? Сенің қанша балаң болуы керектігін солар шеше ме? Әйелдің ышқырымен алысқан бұл не деген бәтуасыз адамдар? Сонда, қытайдың саны артып кеткен екен деп, Оралбай үрім-бұтақсыз, мұрагерсіз қа- луы керек пе? Жо-оқ, оның жөні келе қоймас. Бұл осы жолда өлсе өлер, бірақ немересін қолдан шығармас».


Әйгілі құсбегі, осы өңірге аты мәлім саяткер, марқұм әкесі Оспан айтып отырушы еді: «адам түгілі, құс екеш құс та өз ұрпағын сақтағысы келеді» деп... Ол бір жолы


 


мынадай кереметті көріпті. Мына өрдегі Абдыра аңға- рында Берікқара дейтін жалама жартасты, биік шың бар. Қанатты құстан басқа ешкім шыға алмайтын сол жартасқа бүркіттер ұя салады. Бірақ саятшылар қай жартаста қандай ұя бар екенін, оған қай қыранның жұ- мыртқалағанын бәрібір біліп жүреді. Әсілі, Барқытбел қырандары ақпан-наурызда жұмыртқалап, ұябасар оны қырық күндей шайқап, сәуірде жұмыртқасын жарып, мамырдың аяқ шенінде балапанын ұшырады. Міне, со- ның бәрі құсбегілердің есебінде.


Әкесі Оспан жыл сайын белгілі бір ұядан балапан алып жүреді екен. Өзінде де бір-екі бүркіт бар. Арты- ғын бай-мырзаларға тарту етіп, пайда табады. Жыл са- йын ұядағы ұрпағын құтайтпайтын Оспанды ұябасар мен шәулі қыран да танып алса керек, бір жолы беліне арқан байлап, ұяға түскен Оспанға қос қыран алма-ке- зек шабуыл жасап, қанаттарымен қағып, тұмсықтары- мен шоқып, балапанын алдырмай қояды... Ал, келесі жылы не істеген дейсіз ғой? Құсбегі ұяда жатқан екі жұмыртқаны дүрбімен көріп, сырттай иемденіп жүр- генде, ұябасар мен шәулі қыран жұмыртқаларын бас- қа бір жаққа алып қашып кетеді. Қалай? Бұлай болуы мүмкін бе дейсіз ғой? Мүмкін екен. Әлдеқайдан тауып әкелген, не өздері алып жеген аңның терісіне әрқайсы- сы бір жұмыртқадан орап алады да, шеңгелдеріне қы- сып, тау айналып, басқа бір жаққа ұшып кеткен. Біреу айтса сенбес еді, бұл оқиғаны тауда бүркіт салып жүр- ген Оспан өз көзімен көріпті...


Әкесінің осы әңгімесі есіне түскенде, Оралбай бейне бір жаралы аңша, ышқынған дауыс шығарып, қинала күрсінді: «Апырай, тілсіз, үнсіз құс құрлы болмағаным ба? Отымды өшірмейтін жалғыз немеремді сақтай ал- масам, бүйтіп жер басып жүргенімнен не қайыр?» де- ген қасіретті сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзі де аңғармай қалды.


Бір уақыт алдағы Барқытбел биіктеріне көз жібер- ген. Қазір шіліңгір шілде. Қай жағыңа қарасаң да тау- дың бұл бөктері ұзатылатын қыздай малынып тұр. Мынау – күркіреген дауысы қозыкөш жерден естілетін Қараүңгір өзені, одан шығыс жаққа бет алсаң, екі-үш


 


белдің астында Абдыра аңғары. Бәрі де – өзі туып өскен өлке. Жазда жайлау қызығын көрсе, қыста әкесіне еріп, аң қарап, бүркіт салған жерлері. Қазір соның бәрі – жат қолында. Осынау Құлыстай өлкесіне симай отыратын қалың ел ана жылы небәрі бір-ақ айдың ішінде ата жұрт



  • Қазақстанға қопарыла көшіп кетті де, олардың орнын ішкеріден келген жаңа қожайындар басты.


Ол келесі сәтте назарын батыс жаққа аударған. Бұл да – өзіне етене таныс жерлер. Сонау көрінген – Ақ- шоқы биігі. Соның қойнауынан Қаракітат өзені ағып өтеді. Мемлекеттік шекара – сол өзеннің дәл іргесінде. Ақшоқы бөктеріндегі сонау бір ағараңдап көрінген –


«Жаманты» заставасы. Осы арадан тура жүрген кісіге он шақырымнан аспайды.


Оны жақсы білетіні, 1962-жылы осындағы ел жапа- тармағай Қазақстанға көшкенде, Оралбай туыстарын арбамен ұзатып салған. Сол жолы Жамантыға дейін ба- рып қайтқаны есінде. Ол кезде қалың көш жалғыз Жа- манты емес, 150 шақырым шекара бойындағы Бақты, Ергейті, Еміл, Шағантоғай қатарлы бес заставаның тұ- сынан өтті ғой. Әр заставаның тұсынан екі шақырым- дай шекара сымнан жинап тастаған. Оралбай інісі мен қарындасын Ақшоқының бөктеріне дейін шығарып са- лып, Қазақстан жерінде жарым күндей жүрмеді ме! Ай- тып сойылған малдың етінен ауыз тиіп, атажұрттан дәм татып қайтқан. Сондағы басының әңкі-тәңкі боп қатқа- ны-ай! Елмен бір кетуі керек пе, әлде осында қалып, оқудағы жалғыз ұлды күткені жөн бе? Жалғыз ұрпағын осында қалдырып, бәйбішесі екеуі қу бастары онда барғанда не марқадам табады? Бұлар онда, Қабдірақым мұнда, екі жақта сағыныш күйігін тартпай ма? Ақыры, онда да ұрпақ тағдыры жеңіп шыққан. Құданың әмірі, осы ұрпақ мәселесі араға жылдар салып, Оралбайды әлсін-әлі сынайтыны несі екен?


Оралбай сол күні бас жарып, мойын соза бастаған бидай егісін аралаған болып, Жаманты заставасына таяу барып қайтты. Ана жылы шекараның бергі бетін- де күзет жоқ сияқты еді. Ол кезде шекараны тек Совет солдаты күзететін. Енді бажайлап қараса, сол Жаман- тыға тұспа-тұс, қытайлар да қызыл қыштан мұнара ор-


 


натып тастапты. Бұл – ана жылғы көштен кейін іргесін бекітіп, шекара күзетін күшейткені.


«Бірақ, бәрі бір, осы шекарадан өтуден басқа амал жоқ, – деді Оралбай екі көзін заставаның ақ үйлерінен айырмай. – Ұл мен келінді көп ұзатпай осы айдың ішін- де шекарадан асырып жіберу керек. Аман-есен арғы бетке өтсе, кері қайтара қоймас. Бір бастарына жансау- ға сұрап, құрсағындағы перзентін ажалдан алып қаш- қан анаға ара түспесе, Қазақ мемлекетінің құрығаны емес пе?!».


Қазір бұл елде Қазақстан туралы алып қашты әңгіме- лер көп айтылады. «Ондағы қазақтар бай-кедей болып екіге жіктеліпті. Байға жол ашық, кедейдің көрген күні қараң» деседі. «Орысша білмеген кісіге жұмыс бер- мейді екен» дейді. «Көшіп барған қандастарына пәлен жылға дейін куәлік бермей, тұрмыстан қатты қысады екен» дейді... Ал, қазір Оралбайдың оның бәрін ойлап жатуға мұршасы жоқ еді. Есіл-дерті – ұл мен келінді ар- ғыбет асырып, әне-міне дүниеге келер ұрпағын сақтап қалу ғана болатын. Ол енді ат басын ауыл жаққа бұрды да, күні бойы ойланып, табан тіреген тоқтамын кешке жақын, төрт көздері түгел отырғанда жария қылды.



  • Енді «шақырту» қағаздан үміт аз. Тіпті ол қағаз кел- ген күнде де, мұндағы өкіметтен рұқсат алып үлгер- мейміз. Сондықтан Қабдірақым мен Балхадишаны таяу күндерде атажұртқа асырып жібергеннен басқа амал жоқ.


Әкелері осыны айтқанда, ұл мен келіннің көздері ала- қандай болып, дауыстары қатар шықты:



  • Қалай?

  • Қайтып?

  • Кәдімгідей. Екеулерің шекараға түн жамылып ба- расыңдар да, Жаманты заставасынан ары қарай өте шығасыңдар. Бергі күзеттен аман өтсеңдер болғаны. Аржақтағы қазақ шекарашыларына өздерің барып бері- лесіңдер...

  • Ал, қытай жағы... – Қабдірақым сөзінің аяғын жұ- тып қойды.

  • Мен бүгін шекараға дейін барып қайттым, – деді Оралбай. – Жамантыға қарама-қарсы қытайлар да мұ-


 


нара-потай орнатып қойыпты... Мен білетін Қытай бол- са, олар түн қараңғысында далаға шықпаушы еді. Олар- дың көзіне түспей, айналып өтуге әбден болады.


Бұл сөзге жастар жағы иланғандай. Тек, көңілі бос, уайымшыл Айтбүбі ғана бірер ауыз сөз қосты:



  • Шал-ау, не айтып отырсың? Шекарадан заңсыз өту соншалық оңай болып па? Әлі тумаған шаранаға бола қолдағы барымыздан айрылып қап жүрмейік! – деп кемсеңдеп жылай бастаған.

  • Қой әрі, жаман ырымды бастап, не көрінді саған?



  • деп Оралбай кемпірін тиып тастады. – «Шаранаң» не айтып отырған. Біле білсең, біздің болашағымыз сол


«шаранаға» тіреліп тұр. Ол – Оспанның отын өшір- мейтін жалғыз жарық шырағымыз... Ұрпағымызды тумай жатып, қытайдың жалаңдаған пышағына қалай бере салмақсың?



  • Ой, Алла-ай, өз отбасыңның қызығын өзіне көрсет- пейтін қандай заманға тап болғанбыз?! – деп шарасыз қалған Айтбүбі өксіп барып тоқтады...


Сол күннен тартып, қызу дайындық басталған. «Да- йындық» дегенде, жолға алатын бірер қабат киімнен басқа не бар? Қабдірақым әзірше ешкімге сыр білдір- мей, мотосекілін дырылдатып, қаладағы қызметіне барып жүр. Оралбай оны бір рет күндіз, екінші ретін- де кешке жақын шекараға дейін апарып, жол көрсетіп қайтты. Екі ел күзетінің қалай орналасқанын ұғындыр- ған. Кеш түсе апарған себебі, түнде Жаманты застава- сының шамдары жарқырап көрініп тұрады екен. Соған көзі үйренсін, адаспай тура барсын дегені. Қабдірақым біраз Қытай ақшасын долларға айырбастап алған. Үрі- жардағы туыстардың адрес-хаттары – қалтада.


Бұл аралықта жалғыз Оралбай емес, Қабдірақым мен Балхадишаны да адамдық, азаматтық намыс би- леп алған еді. Сенімен санаспайтын, сені адамғұрлы көрмейтін астамшыл дүлейлерге қарсы көтерілген ашу-ыза да жоқ емес. Екеуі де өз қандарынан жаралған жазықсыз нәрестені ажалға бермеуге бекіген. Әсіресе, Балхадиша бүкіл жауапкершілік бір өзіне тіреліп тұрға- нын сезінген сайын мазасыздана бастады. Бір оңашада Қабдірақымға:


 



  • Әнекүні дәрігерлер «екі айдай уақытың бар» деген сияқты еді. Бірақ менің күнім одан гөрі таяу секілді. Іштегі «батырдың» ойнақ салуы әлей, – деген күйеуі- не жаутаңдай қарап. – Шекараға жетпей туып қалмасам жарады.

  • Не дейді? Ойбай-ау, онда асығуымыз керек қой! – деді Қабдірақым да жол жүруді жеделдетіп.


Бұл туралы Оралбай қарттың да өз байламы бар екен:



  • Баяғыда біреу: «қап, мен ұрлық қылған күні айдың жарық болғаны-ай» деп өкінген екен. Жалпы, жасырын шаруаға аттанған кісіге айдың қараңғысы жақсы. Осы сендер шілде бітіп, тамыз басталатын өліарада аттанып кетсеңдер қайтеді? – деген жастарға ақыл сала сөйлеп.



  • Күн бұлтты, жауын-шашын болса тіпті жақсы.


Бұл сөзді ұл мен келін де құп көріп, алдағы сәр- сенбінің сәтіне жолға шығуға келісті. Жалғызағаштан



  • шекараға дейін он бес шақырымнан аспайды. Бірақ айы-күні жетіп отырған ауыр аяқты әйелді сонша жер- ге жаяу сандалту ақылға сиымсыз. Сондықтан, шекара бойына жақындағанша, екеуі Оралбайдың тортөбеліне мінгесіп барады да, межелі жерге жеткен соң, аттың шылбыр-тізгінін басына түріп, қайтарып қоя береді. Сыралғы жылқы ешқайда бұрылмай ауылға келеріне күмән жоқ.


Бәрі де сол алдын ала ойластырғандай болды. Жолға алған киімдері Айтбүбі тоқыған үлкен ала қоржынның екі басына сиып кетті. Қоштасу да тым ұзаққа созыл- ған жоқ. Балхадиша екі қызының бетінен сүйіп, әуелі құдайға, сонан соң енесіне тапсырды да, көп айнал- май үзеңгіге аяқ салды. Сақтық үшін бұл жүрістерінің мәнісін қыздарына айтқан жоқ. Мәметек ішіндегі төркініне баратын кісі болып, аттанып кетті.


Ақ баталарын беріп, ата-баба аруағына сыйынып, Оралбай мен Айтбүбі қалды арттарында. Орекең, әсі- ресе, өзінің келініне разы еді. Әйел басымен қайтпас қайсарлық танытты-ау! Сол сәт оның көз алдына ұяда- ғы жұмыртқасын әлдебір теріге орап алып, шеңгелдеп, ұшып бара жатқан ана қыран елестеді.


Ерлі-зайыпты жастардың бұдан былайғы сапары әке- лері айтқан жобадан көп ауытқыған жоқ. Белгілі межеге


 


дейін тортөбел атқа мінгесіп келді де, шылбыр-тізгінін түріп, ауылға қоя берді. Шүкір, барар бағыттан жаңыл- маған сияқты. Жаманты заставасының шамдары мен мұндалап, бұларды қоналқыға шақырып тұрғандай. Тура жүрген кісіге төрт-бес шақырымнан аспас.


Егістік жерлер осы арада аяқталып, бұдан ары боз жусанды, қараған-тобылғылы дала басталады екен. Қабдірақым ала қоржынды иығына асып, Балхадишаны қолтықтап алды да, жаяу аяңдап жүріп кетті. Айналасы- на сақтана қарап, уақ-уақ тоқтап, тың тыңдайды. Таяу маңда елең етер үн жоқ. Түн бояуы бетке жұғатындай қап-қараңғы. Бұлар осы үрдіспен екі шақырымдай жол жүрді. Қабдірақым шақпағын жылт еткізіп, сағатына қарап еді, уақыт түнгі бір жарымнан асып барады екен. Бірақ көп ұзамай Балхадишаның жүрісі ауырлай баста- ды. Іші шеңбірек ата кеуіп, құрсағында әлдебір бүлік басталған сияқты. Ауа жетпегендей тынысы тарылып, бұдан ары қозғалу қиын болған соң, бір түп қарағанның тасасына тоқтап, аз-кем аялдады.



  • Шыда, жаным! Шыдашы... Көп болса жарым сағат- тық қана жол қалды, – дейді Қабдірақым бәйек болып.

  • Оған болып тұр ма... Мен білсем толғақ басталған сияқты, – дейді Балхадиша. – Әлдене шатыма тіреліп, жүргізер емес.

  • Сонда да шыда!.. Толғақтың келіп қайтатын кезегі болушы еді ғой. Сен қайткен күнде де шекараның ар- жағында босануға тиіссің! – дейді Қабдірақым жанын қоярға жер таппай.


Күйеуінің сөзі дем берді ме, Балхадишаның сәл де болса тынысы кеңіп тағы да бір шақырымдай жол жүрді. Бірақ жүрістері өндитін емес, келіншек күйеуінің иығы- на асылып, шатқаяқтап, зорға жүріп келеді. Бір тәуірі, оң бүйірде қалып бара жатқан қытай күзетінен еш белгі білінбейді. Соңғы жылдары шекараның бұл тұсында ары-бері қашып өту секілді оқыс оқиғалар болмаған- ды. Тыныштыққа бойы үйренген шекарашылар өнебо- йы сығалап, қарап отыруды қойған сияқты.


Алайда, Балхадишаның бұдан ары аяқ басарлық халі жоқ еді. Су орып кеткен әлдебір жарлауытқа келгенде бүк түсіп отыра кетті.


 



  • Қабен (олар үйіші болып, Қабдірақымды осылай атайтын), өлтірсең де енді аяқ басар шамам жоқ. Толғақ қысып тұр, – деді қалтырай үн қатып.

  • Әйткенмен, шыда! Шекараға дейін ұзаса бір шақы- рымдай ғана жер қалды...


Қабдірақым соны айтып, сағатына қарап еді, уақыт түнгі екі жарымнан асып барады екен. Бұдан ары бө- гелуге болмайды. Жазғы таң қысқа. Көп ұзамай жерге жарық түсуі мүмкін. Ол әйелін сүйемелеп тұрғызды да, қарсыласқанына қарамай арқалап алды. Қабдірақым – жасында спортпен айналысқан, мелжемді, мықты жігіт болатын. Әйткенмен, ішті-тысты екі адамды көтеру оңай да шаруа емес. Амал не, қайткен күнде де ше- карадан өту керек! Ауыр жүк көтерген адам асықпай, маң-маң басып жүре алмайды. Сондықтан ол Балхади- шаның екі қылтасынан ұстады да, бүкеңдей жөнелді. Айтты-айтпады, шекараға мүлде аз қалса керек. Кенет алдарынан әкесі айтқан Қаракітат өзені шыға келді. Қабдірақым оған бөгелген жоқ, тас-тастың арасымен сылдырап аққан өзенді етігімен кешіп өте шықты.


Өзеннен өткен соң әйелін жерге түсіріп, аз-кем ты- ныс алды. Толғақ шыдатпай тұрса керек, Балхадиша ышқына ыңқылдап, аузымен ауа қармай береді. Застава шамдары қол созым жерде тұр. Бірақ өзеннің арғы жағы едәуір өр екен. Неде болса шекараға жетіп жығылмаса болмайды. Сол оймен келіншегін арқалап алды да, өрге қарай тырмыса жөнелді. Өнебойдан тер сорғалап, құ- йылып жатыр... Спортта «екінші тыныс» дейтін бола- ды. Соңғы күш, соңғы серпін. Көмбеге таяғанда Қабді- рақымда да сол «екінші тыныс» ашылды-ау деймін. Тыңнан әлдебір күш қосылғандай, алға қарай жанұшы- ра жүгірді. Аяқастынан көңілі көтеріліп, арқасында- ғы келіншегіне: «тар төсекте қабырғаң қайысып, мені талай көтеріп едің, бүгін соның есесін бір қайтардың» деп қалжыңдағысы келген... Бірақ оны айтып үлгірген жоқ. Кенет қарсы алдарынан қуатты фанар жарқ етіп:



  • Тоқта!.. Кімсің? – деген әмірлі дауыс естілді. Қараса, автомат асынған екі солдат тұр алдарында.


Жетегіндегі қасқыр-ит арс-арс етіп, алға ұмтылады. Шекарашылар бірін-бірі арқалаған екі адамды бірта-


 


лайдан бері көріп отырса керек, оншалық абыржымай, бейқам тұр. Тәңірім-ау, екеуі де – мұрттары жаңа те- бендеп келе жатқан қазақ балалары... Соны көргенде, Қабдірақымның арқасы кеңіп, жүйке-жүйесі мүлде бо- сап кетті. Көзінен жас парлап қоя берген.



  • Жігіттер, біз қазақ жеріне өттік пе? – деген келін- шегін арқалаған күйі.

  • Өттіңіз...

  • Өтсек, жеңгелерің толғатып келеді... Көмектесің- дер! – деді Балхадишаны жерге түсіріп.


Шекарашылар аяғын әрең басып тұрған әйелдің ауыр халін көрді де, артық сөзге бармай, Балхадишаны сү- йемелдеп, ішке кіргізіп әкетті. Застава ауласында бала- пан теректер отырғызған шағын бақ бар екен, толғатқан әйелді соның саясындағы әлдебір орындыққа жайғас- тырды. Біреуі осында қалып, екіншісі іш жаққа жүгіріп кетті. Сірә, төтенше жағдайды бастығына мәлімдемек секілді.



  • Қабен, осындамысың? Мені мына орындықтан түсіріп, көкмайсаға жатқызшы! – деді Балхадиша бір мезетте ықылық ата ышқынып.


Содан, шекарашы жауынгер екеуі екі жақтап, Бал- хадишаны біркелкі қырқылған көк шөптің үстіне жат- қызған. Сыңайы, жол бойы толғағы піскен іштегі жан иесі осы сәтте бар күшімен жарық дүниеге ұмтылған секілді... Соның арасынша іш жақтан застава бастығы аға лейтенант пен ақ халатты әлдебір әйел де келіп қал- ған. Бірақ олар толғатқан әйелді қарап үлгірген жоқ. Дәл осы мезетте «шыр» еткен нәрестенің дауысы естілді...


«Мен келдім! Жарық дүние, аш есігіңді!» деп жар са- лып жатқан секілді ажалдан қашып құтылған күнәсіз періште. Бұл кезде туған әйелмен ақ халатты дәрігер айналысып жатқан-ды.



  • Ұл бала! – деді ол бір уақытта қызылшақа нәрестені жоғары көтеріп. – Шекарада туды ғой. Қай елдің азама- ты дейміз мұны?

  • Қазақстан азаматы! – деп айқайлады Қабдірақым қуаныштан жүрегі жарыла жаздап. – Сол үшін шекара бұзып, қашып келген жоқпыз ба!


 


Бұл сәттегі Қабдірақымның көңіл күйін сөзбен ай- тып жеткізу қиын еді. Оспановтардың отын өшірмейтін тағы бір ұл келді дүниеге! Бұдан артық адам баласында қандай бақыт болуы мүмкін?! Бәрінен де ауылдағы әке арманының орындалғанын айтпайсың ба?! Соңғы ай- ларда еңсе көтертпеген уайым, түсі қашып, түн қатқан мазасыз жүріс, қауіп-қатер, шаршап-шалдығу, бейне бі- реу қолмен сыпырып алғандай лезде ғайып болды.


Қабдірақым есін жиып қараса, Балхадишаны да, жаңа туған нәрестені де ішке енгізіп алып кетіпті. Ма- нағы орындықта ала қоржынын құшақтаған өзі мен аға лейтенант қана қалыпты.



  • Сіздердің жағдайларыңыз былай да түсінікті. Ша- масы, осы нәрестені ажалдан арашалап, қашып келген адамсыздар ғой... Қалғанын ертең сөйлесерміз, бүгін- ше демалыңыз! – деп застава бастығы да орнынан кө- терілді.


Қабдірақым қатты шаршаған екен. Ақжайма жайыл- ған жайлы төсекте тұяқ серіппей қатып қалыпты. Тә- ңертең оянса, кешегі қорқыныш, үрейдің бірі жоқ, құр аттай сергек сезінеді өзін. Сол беті далаға шыққан. Таң алдында жаңбыр жауып өткен бе, ауа тап-таза. Айнала- төңірек нұрға малып алғандай, көңілге қуаныш ұялата- ды... Аулада кешегі аға лейтенант ұшырасқан. Арадағы әңгіме бұл жолы да қысқа болды.



  • Үшінші бала... Тумай жатып пышаққа ілінетін бол- ған соң, атажұртқа алып қашып келген бетім осы. Түсі- несіз ғой, оның үстіне екі қыздан кейінгі ұл бала! – деп Қабдірақым өз жағдайын баяндап келді де, қалтасында жүрген Үріжардағы туыстарының хаттары мен адресін көрсетті. – Осыларға жеткізіп салсаңыз, сіздерге масыл болмаймыз.


Застава бастығы Үріжардан келген хаттарға көз жүгіртіп қарап шықты да:



  • Туыстарыңыз бізге көрші, жап-жақын жерде екен. Соған қарамастан төрт-бес күн күтуге тура келеді. Түсінесіз ғой, шекараның өз тәртібі бар. Елімізге сырт- тан келіп қосылған үш бірдей адамды қабылдау үшін жоғарғы жақтың бекімі керек, – деді Қабдірақымнан кешірім сұрағандай. – Үріжардағы туыстарыңызға ха-


 


барлаймыз. Жас нәресте сәл шираған соң, туыстарыңыз келіп алып кетер, не біз апарып салармыз.


Қабдірақым таңғы астан кейін Балхадиша жатқан бөлмеге кірген. Міне, тамаша! Келіншегі кіршіксіз ап- пақ төсекте демалып жатыр. Қасында құндақтаулы ба- ласы. Ауырынан жеңілденген Балхадиша көңілді екен. Қалжасы жағып, қаны бетіне теуіп, бейне көктемгі да- ладай бусанып отыр.



  • Атамның арманы – бір ұл еді. Көп машақатпен қа- шып-пысып жүріп, оған да қолымыз жетті-ау! – деді күйеуіне еркелей қарап. – Ұлыңа ат таптың ба? Кім деп қоятын ойың бар?


Қабдірақым ұйықтап жатқан нәрестені қолына алып, құшырлана иіскеді. Салмағы әжәптәуір... Айнымаған Оспановтардың пародасы. Маңдайы дөңес, қошқар тұмсық.



  • Атын Жошы қоям! – деді ол лепіріп. – Шыңғыс хан бабамыз баяғыда жолда туған тұңғыш ұлының атын Жошы қойған екен. Мұның есімі де – Жошы болады!

  • Қойшы, атын Абылай қоям дейтінің қайда? – деді Балхадиша хош көрмей.

  • Жошы – бүкіл қазақ хандарының, сол қатарда Абы- лайдың да атасы, – деді Қабдірақым алған бетінен қайт- пай. – Енді еркін елге келдік қой, бәлкім, келесі ұлдың атын Абылай қоярмыз.


Мұндай ұйғарымға Балхадиша да қарсы емес сияқты.


Кенет сәл мұңайған түрге енді де:



  • Қазір ауылдағы атам мен апам не күйде екен? – деді ата-енесін еске алып. – Мына жаман немересін көрсе, атамның төбесі көкке жетер еді-ау! Әрі-беріден соң, осы сапарды ойлап тапқан – сол атам емес пе?!

  • Айтпақшы, біздің ауыл осы арадан жап-жақын. Соткамен сөйлесуге болатын шығар, ә? – деді Қабдіра- қым ойына әлдене түскендей.


Соны айтып, белдігінде жүрген телефонға қол созған. Қап, аттанарда асығып жүріп, соткасын токпен «суару- ды» ұмытып кетіпті-ау! Қуаты бітіп қалыпты.



  • Сотка алуын алады. Бірақ ол үшін застава бастығы- нан рұқсат алу керек шығар, – деді Балхадиша.


 


Қабдірақым қолма-қол аға лейтенантқа жолығып, өзінің өтінішін айтқан.



  • Біздің ауыл осы арадан ұзаса он бес шақырымдай. Біздің әкей бізден хабар ала алмай, қатты мазасызданып отырған шығар. Телефон номерін берсем, бізді аз уа- қытқа жалғай аласыз ба?

  • Жалғауға болады. Тек, үш-ақ минутқа! – деді зас- тава бастығы. Соны айтып белбеуінде жүрген рацияға Қабдірақым айтқан номерді терді де:

  • Алло, бұл Оралбай ақсақал ма екен? Сізбен қазір балаңыз сөйлеседі, – деп рацияны мұның қолына ұстат- ты. Әкесі күтпеген жерден кіммен сөйлесерін білмей есі шығып тұр екен.

  • Көке, бұл – мен ғой. Қабдірақыммын! – деді бұл бай- салды тіл қатып. – Жолымыз болды, көздеген жерімізге дер кезінде жақсы жеттік... Осында келісімен Балхади- ша аман-есен босанып, ұл тапты!


Ана жақтан:



  • А, құдай, ақсарбас! – деген әкесінің қуанышты дауысы естілді. – Алла-Тағала жолдарыңды оңғарсын!.. Үріжардағы туыстарға хабарластыңдар ма?

  • Оларға хабар кетті. Жақында барамыз ол жаққа...

  • Барсаңдар айтыңдар, олар енді Айтбүбі екеуімізге шақырту жіберсін!

  • Алаңдама, көке! Біз әлі-ақ қайтадан қауышамыз...


Осы араға келгенде, рацияның уақыты бітіп, әңгіме үзіліп кетті... Уақа емес, үзілген әңгіме қайтадан жал- ғасар. Ең бастысы, үзіле жаздаған өмір өз жалғасын тауып, Оспановтар әулеті атажұртта жаңа өріске шық- ты ғой! Апатты жағдай артта қалды.


2014 – қаңтар.


 





Пікір жазу