15.12.2021
  311


Автор: Жібек Ысқақова

Көктемнің алғашқы мерекесі құтты болсын!

Әрбір үйді шаттығы, қуанышы,
Адамзаттың асылы, киелері.
Құтты болсын көктемнің ең алғашқы,
Мерекенің, ардақты иелері.

Қуанғанда қасыңнан табылатын,
Алыс кетсең алаңдап сағынатын.
Құтты болсын мерекең асыл жандар,
Әр көктемде әсем сөз тағынатын.

Сіздер үшін әрбір күн мейрам дейміз,
Әр күн сайын арта берсін берекеңіз.
Сегізінші наурыз сыйлап жақсылығын,
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз.





Пікір жазу