15.12.2021
  154


Автор: Жібек Ысқақова

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Көктемдейін хош иісін беретін,
Көңілдерге қуанышын егетін.
Құтты болсын сегізінші наурыз бұл,
Күніңізге сәуле, нұрын себетін.

Бұл көктемнің алғашқы мерекесі,
Баршаңызға шаттығын алып келсін.
Бүршік жарар көктемгі бәйшешектей,
Бұл мереке жұлдызын жағып берсін.

Сегізінші наурыздың иелері,
Құтты болсын мереке келіп жеткен.
Әжелерім, аналар, аруларым,
Күндеріңіз көп болсын бақытты еткен.





Пікір жазу