Жаңбыр
І
Қалқатай, менің ашуым
Енді ғана қайтқандай.
II
Тынбастан жауған жаңбырға,
Үндеуім барды айтқандай.
Кешеден бері іздеңіз,
Шелектеп жаңбыр құйып тұр,
Жер бетіне қалайша,
Төгілген су сыйып тұр? –
Жаңбыр, біздің даламен
Миллион жылдар тағысын.
«Онша жақсы білмеймін»
Деуден, сірә, алыссың.
Миллион жылдар, мың, жылдар
Емес шығар аз срок.
Осы срок ішінде
Далаға жаудың өлгенін.
Ендеше, сенің алдыңа
Қоямын биыл ұсыныс,
Саған мәлім даланың,
Өміріндегі құбылыс:
Ендеше, бізге айтып бер,
Өзгертіпті, шындықты.
Әрине өзің білесің,
Біздің Отан сүймейді,
Өтірікті, сұмдықты.
Мысалы бізді алыптың
Жастары деп айтады.
Буынымыз біздің де.
Шындықпенен қатайды.
Болмаса да сенде тіл
Жайына сені қоймаймыз.
Мысалы, біз отырып
Мынандай ой ойлаймыз:
«Жаңбыр жүз мың, миллион жыл,
Сар далаға жауған еді
Жылда жансыз далаға
Домалап еді, аунап еді.
Жылда, жылда жауып еді,
Бір тыныштық бермеп еді.
Жылда, жылда жауса да,
Сулап жатқан даладан,
Бір жаңалық көрмеп еді.
Биыл көрген cap дала,
Келер жылы қалпында.
Өзгеру деген бар ма еді
Сірә, соның салтында?
Сүйеніп жатқан ел еді,
Шалқайып жатқан көрініп.
Сіркіреп жаңбыр тұрушы еді.
Көре-көре зерігіп.
Міне, бүгін сол дала,
Тіптен кетті өзгеріп.
Ұлы дәуір оятып
Оған қойды сөз беріп.
Міне, бүгін даладан,
Іздегенің табылған.
Міне, бүгін далада
Көп қалалар салынған.
Былтыр жауып тақырға,
Өзгерісті сезбеді.
Биыл міне сол жерде,
─ Қалаға біздің кез келді.
─ Былтыр құмға сіңуші еді,
Білінбей даусы тамшылап,
Ойнақтайды тарсылдап.
Неше мылқау болса да
Өзгерісті сезер - ау,
Барлық жерге жауар - ау,
Дүниені кезер - ау.
Мысалы, бізді алайық:
Жастарымыз шахтының
Біздей ұрпақ далада,
Бұрын тіптен жоқтығын.
Мысалы кеше шахтыдан
Біз шыққанда жиылып,
Жаңбыр жауды шелектеп
Үстімізге құйылып.
Әрине, жаңбыр жауғанда
Өз дәстүрін көздеді
Сонда үстін су қылған,
Болмаған бұрын жастарды
Қалайынша сезбеді?!
Мынау шахты, темір жол,
Мектептер бұрын болмаған.
Биыл міне айбынды
Жаңадан қала орнаған.
Мынау клуб орыны
Бұрын адыр, ор болған.
Біздің шахты орнында,
Жалғыз аяқ жол болған.
Бүгін дала өзгерген,
Көшелермен торланған.
Өзгерісті, осыны,
Сезбеген екен ол қалай?!
Міне, осындай біздерде,
Талаптар бар бірталай.
Міне, біздер отырып
Осындай ой ойлаймыз.
Болмаса да сенде тым.
Жайына сені қоймаймыз.
Ісімізге біздердің
Сенің де бар қатысың,
Бақылауға алғанбыз
Күннің шығып, батысын,
Егер, жаңбыр, көп жаусаң
Ерініміз мол болады.
Сондықтан да: - қатысың бар
─ Деуіміз жөн болады...
Әрине, сен жаумасаң,
Бақшаға шығып, күлісті,
Жарымызбен ойнаймыз.
Сонда да, сен жауғанда
Жаңағы ойды ойлаймыз.
Қане, бізге айтып бер,
Тайсалмастан шындықты.
Әрине, өзің білесің,
Бізді Отан сүймейді
Өтірікті, сұмдықты.
ІІІ
Осыны айтып болғанда
Жарқылдады найзағай.
─ Сезем дейді жаңбырын,
─ Деді күліп, қалқатай.
ІV
Алақай - ау, алақай,
Жарқылдай түс найзағай.
Осы жазған өлеңін
Жолдастарға мен айттым.
─ Аттарыңнан сендердің,
Сөз сөйледім - деп айттым.
Жолдастарым талқылап
Көп оқыды өлеңді
Кейбіреуі мақұлдап,
Пікіріме қосылды.
Айша шығып сөйледі
Мен жақсылап тыңдадым:
─ Бұл дұрыс.
Бұл әдісі Лирикалы жырлардың.
Кейбіреулер өлеңнің
Дей алмады міні жоқ.
Қалайша – деді - жаңбырмен
Сөйлесеміз тілі жоқ.
Сонда айтты бригадир
─ Балға ұрғандай темірге:
─ Большевик тілін білмейтін.
Нәрсе бар ма өмірде.
1935