15.12.2021
  481


Автор: Саттар Ерубаев

Көктем туралы

Күн нұрымен қосылып,
Көктем үйге енеді.
Араласып көктеммен
Лирика да келеді.
Жатырсың, міне, қалқатай,
Омырауың ашылып,
Иығыңда, жастықта
Жібек шашың шашылып.
Киесіне көктемнің
Бел мен іші толып тұр.
Күмістей сенің күлкіңде
Өлеңнің іші толып тұр.
Көктем мынау әуесін,
Күлкіге сенің жамылған
Өлеңнің де қуаты
Сол көктемнен алынған.
Көктемгі әуе бөлменің
Көлеміне сыймай тұр.
Көктемгі күлкі, қуаныш
Әлеміме сыймай тұр.
Сен сөйлейсің, қалқатай.
Құралай көзін күлімдетіп,
Қуанышы көктемнің
Күлкісінен күміс білінеді.
Сен сұрайсың, қалқатай,
Мынадай сыр өткеннен: -
Айтайын деп жүр едім,
Оқталып талай көптен мен.
Жаным, маған айтып бер
Араластырып көктеммен.
Мені білмей тұрғанда
Қай түрде, жаным, күліп ең?
Қандай қызды сен қалап,
Қосылсам деп жүріп ең?
Айтшы, осыны тайсалмай,
Өйткені бұл өткен ғой.
Қайғырмайын мен де оған,
Өйткені қазір көктем ғой.
Осыны айтып, қалқатай,
Тағы да күлісті.
Әрине сен ақынның
Солымның үстінде,
Көктемгі сәуле ойнайды.
Жүрегімнің үстінде
Күллі сәулем ойнайды.
Көктемгі мынау шаттықты
Жүрегіме сақтап ал.
Ал айтам мына өлеңнің
Керектісін жаттап ал:
Олқылықпен көмірді
Бере алмады шахтамыз,
Отан айтқан қарқынға
Ере алмады шахтамыз.
Жарналадық аттаныс
"Ұлы көсем атымен.
(Осы уақытта сен, қалқа,
Қай жерде, қайда отыр ең?)
Күні-түні шахтада
Отырып алып кетпедің,
Олқылықтан біз шығып,
Табысқа қарай беттедің.
Көсем аты бар жерде,
Олқылыққа жол қайда?
Большевиктің заңдары
Осы түрде болмап ма?
Қаруланған қайратпен,
Қайла менен өлеңім,
Көсем атын жырласам:
Қайладан өткір өлеңім,
Болаттан қатты өлеңім,
Оттан ыстық өлеңім.
Мен осыған сенемін.
Бір күні мен еңбектеп
Келе жаттым лавада.
Анадайда бір қыз тұр,
Анадайда алдымда.
Бір уақытта пласта
Сықырлады төбемнен.
Анадайда бір қыз тұр,
Көмескі бетін көрем мен.
Бір уақытта үстімді,
Баса кіріп құлады,
Анадай жерде алдымда,
Алдымда бір қыз тұрады.
Жеңіндей - ақ көйлектің,
Лаваның іші тіптен тар.
Денесін басты ауыр жер.
Еш дәрмен жоқ қарманар.
Тек қана менің алдымда,
Анадайда бір қыз бар.
Астында қалды көмірдің
Басымнан басқа жерлерім,
Қимылдауға, сөйлеуге,
Болмай қалды дәрменім.
Осы уақытта, тұрған қыз
Маған қарай жүгірді
О да келді жақындап,
Көмір де құлап үлгерді
Осы уақытта лаваға
Айғай кірді, үн кірді. –
Ой, қыз, оған жолама!
Жүгіріп қайда барасың?
Ойбай - ойбай, бері қаш!
Қазір өліп қаласың!!
Бірақ маған ұмтылды,
Жан сауғалап қашпады.
Оттай ыстық қолымен,
Басымды келіп ұстады.
Бір - ақ аштым көзімді,
Қасымға қыз келгесін.
Содан соң қалдым көміліп,
Мен білмеймін өзгесін...
Бірақ елім қолына,
Берген жоқ маған бассейн.
Қорықпай-ақ қой, қалқатай,
Өткен іс қой... әшейін...
Артынан білдім, ол қыз да
Лавада қапты көміліп.
Өзгеше тіптен өріліп,
Осы ісінен көрініп.
Екеуміз де жазылдық,
Екеуміз де өлмедік,
Мен кеттім басқа шахтаға,
Одан кейін біріміз,
Бірімізді көрмедік.
Басымды ұстады деп ем ғой
Қасыма жетіп келгенде.
Сол қолының ыстығын
Сеземін әлі денемде...
Үрейленіп, барасың.
Неге сонша, қалқатай?
Үлкейіп кетті, аларып
Әдемі көзін құралай.
Қайғырмаймын деп ең ғой,
Қалқатай - ау, бұл қалай?
Ол қызға көзқараста,
Әңгіме бар бірталай:
Өлердегі қамқоршың,
Қалай ыстық болмайды?
Осыған түсіп, қалқатай.
Мысалы бізді" адам қып,
Өлтірмеген Отаным.
Отанның атақ, құрметі
Құрметім, менің атағым.
Сондықтан да Отанға,
Өзіміз деп қараймыз.
Өзімізден Отанды
Артығырақ балаймыз.
Сондықтан да Отанды
Тіптен ыстық сүйеміз.
Отан үшін өлеміз,
Тас басып, отқа күйеміз,
Ол қыз да маған қол созып,
Қамқоршым болып атанды,
Ол тек қана дәстүрін
Орындады Отанның.
Сондықтан оны, Отанды
Қалайынша сүймейсің?
Бір уақытта пласта
Сықырлады төбемнен.
Анадайда бір қыз тұр,
Көмескі бетін көрем мен.
Бір уақытта үшеуін,
Баса көмір құлады,
Анадай жерде алдымда,
Алдымда бір қыз тұрады.
Жеңіндей - ақ көйлектің,
Лаваның іші тіптен тар.
Денемді басты ауыр жер.
Еш дәрмен жоқ қарманар.
Тек қана менің алдымда,
Анадайда бір қыз бар.
Астында қалды көмірдің
Басымнан басқа жерлерім,
Қимылдауға, сөйлеуге,
Болмай қалды дәрменім.
Осы уақытта, тұрған қыз
Маған қарай жүгірді.
О да келді жақындап.
Көмір де құлап үлгерді.
Осы уақытта лаваға
Айғай кірді, үн кірді –
Ой, қыз, оған жолама!
Жүгіріп қайда барасың?
Ойбай - ойбай, бері қаш!
Қазір өліп қаласың!
Бірақ маған ұмтылды,
Жан сауғалап қашпады.
Оттай ыстық қолымен,
Басымды келіп ұстады.
Бір - ақ аштым көзімді,
Қасыма қыз келгесін.
Содан соң қалдым көміліп,
Мен білмеймін өзгесін...
Бірақ өлім қолына,
Берген жоқ мені бассейн.
Қорықпай-ақ қой, қалқатай,
Өткен іс қой... әшейін...
Артынан білдім, ол қыз да
Лавада қалды көміліп.
Өзгеше тіптен ерлігі,
Осы ісінен көрініп.
Екеуміз де жазылдық,
Екеуміз де өлмедік,
Мен кеттім басқа шахтаға,
Одан кейін біріміз,
Біріншісін көрмедік.
Басымды ұстадым деп ем ғой
Қасыма жетіп келгенде.
Сол қолының ыстығын
Сеземін әлі денемде...
Үрейленіп барасың.
Неге сонша, қалқатай?
Үлкейіп кетті, аларып
Әдемі көзін құралай.
Қайғырмаймын деп ең ғой,
Қалқатай - ау, бұл қалай?
Ол қызға көзқараста,
Әңгіме бар бірталай:
Өлердегі қамқоршың,
Қалай ыстық болмайды?
Осыған түсіп, қалқатай.
Мысалы бізді адам қып,
Өлтірмеген Отаным.
Отанның атақ, құрметі,
Құрметім, менің атағым.
Сондықтан да Отанға,
Өзіміз деп қараймыз.
Өзімізден Отанды
Артығырақ балаймыз.
Сондықтан да Отанды
Тіптен ыстық сүйеміз.
Отан үшін әлі де,
Тас басып, отқа күйеміз.
Ол қыз да маған қол созып,
Қамқоршым болып ағаңды,
Ол тек қана дәстүрін
Орындады Отанның.
Сондықтан оны, Отанды
Қалайынша сүймейсің?
Сен, сүюдің үлкені
Сонда екенін білмейсің.
Орнынан тұрдың сен неге,
Ұнамай ма айтқаным? –
Не дейсің?
Сол қыз сен бе едің?
Бұрын неге айтпадың?
Не дейсің, жаным қалқатай?
Сондағы қыз сен бе едің?
Не себептен мен мұны,
Сендерге жұрт сенімен,
Бүгінге дейін білмедім?
Сүюдің ең үлкенін
Отанды сүю деген ем,
Өлеңдерде бірталай.
Сенің – дағы сүюің.
Үлкендеу екен қалқатай.
Өлеңіме Отаным
Жоспар сызып береді.
Араласып көктеммен
Лирика да келеді
Көктемгі ауа бөлменің
Көлеміне сыймай тұр.
Көктемгі күлкі, қуаныш
Өлеңіме сыймай тұр.
Біз екеуміз көктемде
Қуанышпен жүреміз,
Көркемнен көркем өмірде
Іс істейміз, күлеміз.
Отанның әрбір шебіне
Сөйлесін бас иеміз.
Отанның күні тек көктем –
Жаз екенін білеміз.

1935





Пікір жазу