15.12.2021
243
Шақырсын, мейлі жарларын
Шақырсын мейлі жарларын
Бассейнің қыздары,
Бұл - бақыттың белгісі,
Бұл - дәуірдің сызғаны,
Қыссын мейлі бөлмемді
Февральдың ызғары.
Сендерге айтам дүние
Жер теңізі, құздары: -
Бұл тек қана ақынның
Табанының қызғаны!
Қуанышта, бақытта
Бассейннің қыздары.
Бөлмемді әлі қысып тұр
Февральдың ызғары.
Өмірін барлық бақытын
Құшақ жайып қарсы алам,
Бөлмеде тұрып қуанып,
Көңілденіп ән салам.
Ақын жөнінде жар салам
Мен айтамын әлемге,
Дәуірлерге, жерлерге,
Шеттей тау, тоғайға.
Шексіз шетел елдерге
Өлеңнен меруерт жасауды
Өлеңнен қылыш жасауды
Бізден басқа көрген бе?
1936