15.12.2021
  261


Автор: Балаларға арналған әңгіме, оқиға

Помпей қаласы

 Біздің жыл санағымыз бойынша 79 жылда, Италияда Наполиден 25 км қашықтықта орналасқан Помпей қаласы, Визуви жанартауынан атқылаған лава мен күлдердің астында қалып, жер бетінен жойылған.
   Сол замандары Римдіктер бұл қаланы демалу, сауығу орталығына айналдырған болатын. Байлық пен салтанаттың соңы арсыздыққа ұласып, ақылға қонымсыз күйге енген бұл жерді көрген ар-ұяты бар адамдар беттерін жауып, көздерін жұматыны сөзсіз еді. Әр түрлі зинақорлық, азғындық әрекеттерінің базары жағдайына келтірілген еді. Соңғы уақыттары ақылға да, қиялға да келмейтін, тіпті түсінуге де келмейтін арсыздықтар шырқау-шегіне жеткен болатын.
    5 шілде күні, баршаның азғындық ішінде көңіл көтеріп рахаттанып жатқан сәтінде, Визуви жанартауынан атқылаған ыстық лавалар, күлдер, тастар қала үстіне жауып, бір сәтте бүкіл жер 4-5 метр биіктікке дейін, қызған батпақ селімен қапталды.
   1748 жылынан кейін жасалған қазба жұмыстары кезінде, лавалардың қатайып, адамдар болған бөліктері шұңқыр күйінде қалғаны көрілді. Қазба жұмыстары барысында осы шұңқырларға аққан сұйық гипстің қатуымен, адамдардың бұл пәлекет сәтінде қандай жағдайда болған күйі анықталды. Көбісінің ақылға қонымсыз бір кейіпте, өте ұсқынсыз әрекеттер жасаған күйінде қалғандары айқын болды. Қазба жұмыстарынан кейін шыққан үйлер, көшелер және басқа да ғимараттар туристтердің қызығушылығын тартқаны үшін, қазір бұл жер туристтік мекенге айналған.





Пікір жазу