14.12.2021
  1945


Автор: Балаларға арналған әңгіме, оқиға

Өнерлі бала

Қолдарында дорбалары бар үш әйел базардан келе жатып, үйлеріне жақындағанда талған қолдары мен ауырған белдерін жазу үшін жол шетіндегі ұзын бір орындыққа келіп отырады. Бір кезде балалары жайында әңгіме қозғалып кетеді. Бірінші әйел, ұлының өте шымыр екенін, жерде қолымен де жүре алатынын айтып мақтанады. Екінші әйел, баласының әнді бұлбұлша сайрайтынын айтып мақтанады. Ал үшінші әйел, тек тыңдап отырады. Оған неге үндемей отырсың деп сұрағандарында: Менің баламның ондай өнерлері жоқ, - дейді. Келесі орындықта осы айтылған әңгімелерге бір қария құлақ түріп отырады. Аула ортасында балалар улап-шулап ойнап жүреді. Бір кезде шешелерін көрген балалары жүгіріп келеді. Бірінші әйелдің баласы ауада денесімен шырқ айналып секіріп, қолымен жүріп келеді. Екінші әйелдің баласы, шешесінің жақсы көретін әндерінің бірін айтып әуендетіп келеді. Әйелдер оған мәз болып, шапалақ ұрады. Ал, үшінші әйелдің баласы: Саған көмектесейін, анашым,- деп, дорбаларына қолын созады. Сонда әйелдер қастарында отырған қариядан балаларының өнерлеріне қандай баға беретінін сұрайды. Қария: Адамгершілік – әр адамға тән асыл қасиет. Нағыз өнер депадам сезіміне әсер ете отырып, оны адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуді айтады. Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол – анау анасына көмекке келген бала, дейді.





Пікір жазу