Адал бағбан
Ертеде бір қаланың әділ қазысы жалғыз қызын жақсы мінезді, ақылды жігітке тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды. Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? – дейді бай. Сонда бағбан жігіт: Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелдім, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін. Қазы таңғалып:- Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің дейді бай? – Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де ауызыма салып көрген емеспін, – дейді. Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып: – Біз іздеп жүрген күйеубала алыста емес, дәл біздің шаңырағымызда екен. Қызымызды осы бағбан жігітке берейік – деп, қыздарын адал бағбан жігітке тұрмысқа береді.